» » "ҚАЙСАРДЫҢ" КЕЛЕР МАУСЫМДАҒЫ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?

"ҚАЙСАРДЫҢ" КЕЛЕР МАУСЫМДАҒЫ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?

  Қызылорданың «Қайсар» командасы 2019 жылы жүлделі орынның біріне ілігу мақсатын алдына қойып отыр. Аталмыш клубтың құрылғанына 50 жыл толуына орай өткізілген салтанатты шара барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев командаға осындай міндет жүктеді.

 Сыр өңірінің намысын қорғайтын команда 1968 жылы «Волна» деген атаумен алғашқы ресми ойынын өткізді. Одан кейінгі жылдарда «Автомобилист»,  «Орбита», «Мелиоратор» атауымен жанкүйер есінде қалды. 1990 жылдан бері  қазіргі атауымен сынға түсіп келеді. Бүгінгі күнге дейін қол жеткізген ең жоғарғы жетістігі - 1999 жылғы Қазақстан кубогы. Сондай-ақ, 1998, 2008 жылдарда төртінші орынға тұрақтады. «Қазіргі күні «Қайсар» еліміздегі белгілі клубтардың бірі саналады.

 Биыл команда алдына бесінші орын алу міндеті қойылған. Жерлестеріміз сол міндеттің үдесінен шықты. Келер жылы команда алдына еурокубок ойындарына қатысу жолдамасына ие болу міндетін қойып отырмыз. Жүлдегер клубтар қатарынан көреміз деген үміттеміз. Бұл мақсатта оларға барлық жағдай жасалады. Команданың қаржылық жағдайын биылғыдан да көбейтуге мән беріп отырмыз. Оған қоса Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион заманауи талаптарға сай жаңғыртылып жатыр», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Салтанатты шара барысында команда құрамында әр жылдарда ойын көрсеткен футболшыларға құрмет көрсетілді. Оларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, «Қайсардың» 1999 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алған жұлдызды құрамы мен әр жылдарда команда жейдесін киген ойыншылар жолдастық кездесу өткізді. 
14 қараша 2018 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031