» » Чемпиондар лигасы: «Астананы» үлкен сынақ күтіп тұр

Чемпиондар лигасы: «Астананы» үлкен сынақ күтіп тұр

1 тамызда футболдан Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойындары өтеді. Елордалық «Астана» сырт алаңда Данияның «Мидтьюлланд» командасымен кездеседі. Астанада өткен алғашқы ойын 2:1 есебімен біздің команданың пайдасына шешілді. Дегенмен бұл жеңіс жеңімпазды толық анықтай қоймайтыны белгілі. Себебі, сырт алаңда соғылған бір гол көп жағдайда келесі ойынын өз алаңында өткізетін командаға басымдық беріп тұрады. Сондықтан «Астананы» бүгін үлкен сынақ күтіп тұр. Апта ішінде қос команда да өздерінің ел біріншілігінде бір-бір ойыннан өткізіп үлгерді. Елордада «Астана» 20-турда «Атырауды» 2:1 есебімен тізе бүктірсе, «Мидтьюлланд» өз елінің доп додасында «Эсбьерг» командасынан 3:1 есебімен басым түсті Үш турдан кейін турнир кестесінде 1 жеңіс, 1 тең ойын, 1 жеңіліспен сегізінші орында келеді. Ал «Астана» біздің еліміздің біріншілігінде жеке дара көш бастап тұр. Қысқасы, қос команда үшін де алдағы ойынға көңіл-күйі жақсы деп айтуға негіз бар секілді. «Астана» Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын өз алаңында 1:0,  сырт алаңда 2:0  есебімен жеңген еді. «Астана» Чемпиондар лигасында төртінші жыл қатарынан сынға түсіп келеді.  2015/2016 жылғы кезеңде аталмыш жарыстың топтық кезеңіне дейін жетті. Онда С тобында Испанияның «Атлетико» (Мадрид), Португалияның «Бенфика» және Түркияның «Галатасарай» клубтарымен шеберлік байқасты. Одан кейінгі екі жылда да Еуропа лигасы лигасының топтық кезеңінде ойнады. Тіпті, былтыр топтық кезеңде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жарыстың 1/16 финалдық сатысында сынға түсіп, біздің еліміздің жанкүйерлері үшін айды аспанға бір-ақ шығарды. Дегенмен қос ойынның (1:3, 3:3) нәтижесі бойынша Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) командасына жол беріп қойды. Биыл қалай болады? Оны алдағы ойында бағамдайтын боламыз. «Мидтьюлланд» командасы Чемпиондар лигасында биыл өз тарихында екінші мәрте бақ сынап отыр. Алдымен 2015/2016 жылдарда бәсекеге қосылған олар екінші іріктеу кезеңінде Гибралтардың «Линкольн» клубын 2:0, 1:0 есептерімен жеңіп, одан кейін Кипрдің АПОЭЛ  командасына өз алаңында 1:2 есебімен жол беріп, сырт алаңда 1:0 есебімен басым түсті. Дегенмен қос ойынның нәтижесімен даниялықтар қарсыластарына жол беріп қойды. Есесіне сол жылы Еуропа лигасында топтық кезеңде сынға түсіп, жарыстың 1/16 финалына дейін жетті. Онда Англияның «Манчестер Юнайтедімен» кездесіп, оларға қарсылық көрсете алмады.

01 тамыз 2018 ж. 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930