
Футболдан Қазақстан премьер-лигасы аяқталысымен "Қайсар" футбол командасында өзгерістер пайда болды. 50 жылдық мерейтойын атап өткен клубты келер жылы болгариялық маман Стойчо Младенов қайта баптайтын болады. Сондай-ақ, командадан бірнеше ойыншы кетеді деген қауөсек жанкүйерлер арасында желдей есіп жүр. Атап айтсақ, кениялық Пол Вере, шабуылшы Франк Дже Дже. Кениялық аяқдопшы клубтың мерекелік кешіне де қатыспай, өз еліне қайтқан көрінеді. Сонымен қатар жанкүйерлердің сүйікті футболшысына айналған Матиас Курьор мен Братислав Пуношевац тағы бір жыл "Қайсарда" доп тебеді.