Адам туралы қызықты деректер
Өзімізді адам деп атап, сайран салып жүргенімізбен, өзіміз туралы білетініміз әлбетте аз. Ғалымдар айтпақшы, өмірдегі ең басты құпия – бұл өзіміз. Олай болс адам туралы ең қызықты деген дәйек пен дерекке құлақ түріңіздер.
Күніне бір қорап темекі шегетін адам жылына жарты кесе шайыр ішкен адаммен пара-пар.
Адам – барлық жаратылыс ішіндегі түзу сызық сыза алатын жалғыз сүтқоректі.
Адамның өмір бойы өсірген шашы шамамен 725 шақырым болады.
Сары шашты адамның сақалы қара шаштыға қарағанда тез өседі.
Күлген адамның 17 бұлшықеті жұмыс жасайды.
Адам өкпесінің жалпы ауданы 100 шармы метр.
Адам ДНК-сында шамамен 80 000 ген болады.
Адам баласы әрбір саусағын өмір бойында 25 миллион рет бүгеді.
Адам жүрегінің көлемі өзінің жұдырығындай ғана болады.
Ересектердің жүрегінің салмағы шамамен 220-260 грамм. Адам ағзасында бар-жоғы 4 минерал болады: апатит, арагонит, кальцит және кристобалит.
Адам миының тәулігіне шығарған электр импульстері әлемдегі барлық телефон шығаратын импульстерден асып түседі.
Адам бойында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 келіні тартады.
Адам миында әрбір секунд сайын 100 000 реакция өтеді.
Адам туғанда тізесінде кесесі болмайды (чашка), тізедегі кесе 2-6 жас аралығында пайда болады.
Адам өкпесінің жалпы ауданы теннис алаңының ауданымен шамалас.
Кеңістік пен уақытты қабылдай алмау синдромы, ресми түрде "Алиса ғажайыптар әлемінде" (Алиса в стране чудес) аталады.
Адамның ас ішегінің ұзындығы тірі кезінде 2,5 метр болса, жан тапсырғанда 6 метрге ұзарады.
Адамның оң жақ өкпесіне сыятын ауа сол жақ өкпеге сыятын ауадан біршама көп.
Ересек адам күніне 23 000 рет тыныс алады.
Адамның көзі 10000000түсті ажырата алады.