» » $75 млн құрайтын «Орта білімді жаңғырту» жобасы іске қосылды

$75 млн құрайтын «Орта білімді жаңғырту» жобасы іске қосылды

Бүгін Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісім шеңберінде құны 75 млн АҚШ долларын құрайтын «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы ресми іске қосылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Орталық коммуникацbялар қызметінде өткен баспасөз-мәлихатында мәлімдеді. 17 жылға жоспарланған жоба елдегі орта білім жүйесінің сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті жетілдіруді көздейді.
Жобаның мақсаты – орта білім жүйесінің сапасын көтеру, жаңғыртуды қолдау, білім берудегі қолжетімдік пен теңдікті арттыру, қала және ауыл оқушылары арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығын төмендету.
«Жобаның негізгі бағыттарының бірі – білім беру материалдарына қолжетімдікті арттыру, мультимедиалық жабдықтармен жарақтау және ауыл мектептері мұғалімдерінің әлеуетін көтеру арқылы ауылдық жалпы орта білім беретін мектептер мен шағын жинақталған мектептердің оқушыларының үлгерімін жақсарту. Осы мақсаттарға жету үшін 75 млн АҚШ доллары бөлінеді, соның ішінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі қарызы – 67 млн АҚШ долларды, Қазақстанмен бірлесіп қаржыландыру қарызының сомасы 8 млн АҚШ долларын құрайды», - деді вице-министр.
Суханбердиева жоба аясында жаңартылған бірім беру мазмұнын қолдауға арналған бастамалар кешені жоспарланғанын атап өтті. ҰБТ мен ӨСЖБ тестілеудің жаңа стандарттарын жасау, тест тапсырмалары базасын мультимедиа элементтерімен жаңарту, оқулықтар сараптамасы талаптарына жаңартылған стандарттар енгізу көмегімен бағалау жүйесін қайта қарау көзделеді. Оған қоса, осы шаралар ауылдағы жалпы білім беретін мектеп пен шағын жинақты мектептерде оқушылардың оқу үлгерімін білім беру материалдарына қолжетімділік, мультимедиалық құрал-жабдықтармен жабдықтау, ауыл мұғалімдерінің әлеуетін көтеру арқылы жақсартуға бағытталады.
«Жоба қаражатының 60 пайызы 5 мыңнан астам ауылды, әсіресе шалғай ауылдардағы мектептерді мультимедиалық жабдықтармен жарақтандыруға бағытталады. Бүгінгі таңда елімізде 7014 мектеп бар, оның 5500 астамы – ауыл мектептері», - деді вице-министр.
20 қараша 2018 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031