» » Мемлекет басшысы Ералы Тоғжановқа бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Ералы Тоғжановқа бірқатар тапсырма берді

Елбасы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу кезінде Мемлекет басшысына өңірдің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ облыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есеп берілді.
Ералы Тоғжанов Қазақстан Президентіне өнімділікті арттыру және өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатымен қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімдеді.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғын үйлер мен студенттік жатақханалар салу, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру нәтижелері, сондай-ақ өңірдің туристік әлеуетін дамыту барысы мен коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтерді реттеу саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
27 қараша 2018 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930