» » ЮНИСЕФ тарихындағы ең жас елші

ЮНИСЕФ тарихындағы ең жас елші

Barekeldi!
   14 жастағы Голливуд актрисасы Милли Бобби Браун ЮНИСЕФ, яғни Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар Қорының ең жас ерікті елшісі атанды.
Барша әлемге "Біртүрлі оқиғалар" сериалы арқылы жақсы таныс жас жұлдыз: "ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі болу – арманның орындалуы. Бұл үлкен мәртебе деп білемін. Бірнеше жылдар бойы осы міндетті атқарып келген атақты адамдар тізімінің менің тегіммен толығатыны қуантады. Мен балалар мен жастарды көруге, олармен әңгімелесуге асықпын. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі балалар білімі, құқығы және өзге де мәселелерін қозғап, қолдау көрсеткім келеді", -деді. ЮНИСЕФ директоры Энриетта Фордың айтуынша, Милли өзі бала болғандықтан, үлкендердей емес, өзге баланың жай-күйін ұға алады. Естеріңізге сала кетейік, ЮНИСЕФ еріктілері қатарында Дэвид Бекхэм, Джеки Чан, Приянка Чопра, Орландо Блум, Рики Мартин, Лиам Нисон, Шакира және басқа да тұлғалар бар.
06 желтоқсан 2018 ж. 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031