» » Өңірде бала құқығы ерекше қорғалған

Өңірде бала құқығы ерекше қорғалған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі, балалар мен жастарға арналған 111 ұлттық сенім телефонының басшысы Ысқақ Қашқынбайұлы мәлімдеді. Жиынға облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақзира Қасымова қатысты.
Уәкіл кеңсесінің өкілі Қызылорда облысындағы балалардың құқықтары, оның ішінде интернаттық үлгідегі ұйымдарда бала құқығының қорғалуын бағалау, мониторингтік зерттеу мақсатында интернаттарда бақылау жұмыстарын жүргізген. Облыс бойынша 10 нысанды аралап, балалардың жағдайымен танысқан Ысқақ Қашқынбайұлы: «Өңірдегі бала құқығы жоғарғы деңгейде қорғалғанын атап өткім келеді. Жасөспірімдер арасындағы суицидпен күрес те дұрыс жолға қойылған. Басқа аймақтарда балалар үйінен түлеп шыққан жасөспірімдерді жұмысқа орналастыру және баспанамен қамту күрмеуі қиын мәселе болып отыр. Пәтерақысын төлей алмай көптеген балалар үйсіз қалған. Ал, сіздерде мұндай мәселе жоқтығы көңіл қуантады. Алдағы уақытта басқа аймақтарға осы облыстың тәжірибелерімен бөлісу мақсатында жұмыстар жасаймыз», – деді. Балалар мен жастарға арналған 111 ұлттық сенім телефонының басшысы өзі жетекшілік ететін мекеменің қызметіне де тоқталып өтті. 2016 жылы пилоттық режимде іске қосылған бұл жоба 2017 жылдан бастап жүйелі жұмыс жүргізуде.
22 ақпан 2018 ж. 927 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031