Президент қытай тілін үйренуге кездейсоқ шақырған жоқ – елші
«Бейжің сарайы» қонақүйінде Қазақстандағы ҚХР-дың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытайда білім алған студенттерге арналған жиын өткізді.Қытайдың төтенше және өкілетті елшісінің айтуынша, қазіргі таңда Қытайда 14 мың қазақстандық білім алып жатыр. Ол қазақстандықтардың арасында қытай тілін үйренгісі келетіндердің саны да артып келетінін жеткізді.
«14 мың қазақстандық жас буын Қытайдың түрлі оқу орнында білім алып жатыр. Қазақстанда қытай тілін, қытай әдебиетін үйренуге деген қызығушылық артып келеді. Менің Қазақстанда болып жатқаныма 3 айдан асты. Бірақ қай жерге барсам да, қызығушылық танытып жатқандарын байқаймын. Президент (Нұрсұлтан Назарбаев - автор) қытай тілін үйренуге кездейсоқ шақырған жоқ. Енді Президент тапсырмасын орындау мақсатында біз Қазақстанда алтыншы Конфуций институтын ашу жағын ойлауымыз керек. Қазіргі уақытта Қазақстанда бес институт жұмыс істеп жатыр. Қызығушылық жоғары және бес институт әлі шегі емес. Институттар қазақстандық жастар арасында сұранысқа ие және танымал», - деді дипломат.
Қытайда алғаш рет қазақстандық экономикалық және қаржы зерттеулер орталығы ашылыпты.
Қытайдың мұнай университеті мен Цинxуа университетін тәмамдаған ақтөбелік Арман Қалмен көрші елде жеті жыл оқып келген соң Қазақстанда ұлттық компанияда еңбек етіп жүр.«Сонымен қатар, екі жақ бірлесіп, Қазақстан-Қытай мәдени орталығын ашу жоспарланып отыр. Осы жылдың қазан айына Чжэцзян қаржы-экономикалық университетінде алғаш рет Қытайда қазақстандық экономикалық және қаржы зерттеулер орталығы ашылды. Орталық зерттеулерді қолға алып, ЖОО, ғылыми орта мен сарапшылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Бұл жақсы тәжірибе болады. Бірақ ЖОО деңгейінде қалып отыр. Оны үкімет деңгейіне дейін көтеру керек», - деп бөлісті Чжан Сяо.