» » Мерекеде қаламгерлер марапатталды

Мерекеде қаламгерлер марапатталды

   Тәуелсіздік мерекесінің 27 жылдығына орай облыс орталығында бірқатар сала мамандарын марапаттауға арналған жиын өтті. Шарада облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов жиналғандарды мерекемен құттықтады.
– Елбасы өз сөзінде «Бабаларымыздың ұмтылған аңсарлы мақсаты – тәуелсіздікке біздің ұрпағымыз қол жеткізді.  Сондықтан да бұл күн тұтас ұрпақтардың орындалған арманын білдіретін қуанышты да маңызды мереке болып саналады» деген болатын. Бұл ретте тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету – біздің ортақ парызымыз, - деді ол.
  Жиында облыс әкім Қырымбек Көшербаевтың Алғысы және «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалімен, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлының және облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Талғат Махановтың Алғыс хатымен құқық қорғау органдары, дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен ҮЕҰ мүшелері марапатталды.
   Атап өту керек, «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Гүлжазира Жалғасоваға облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Алғыс хаты, басылымның корректоры Бақыт Қуанышқызы мен «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Жарасхан Қуанышбайұлына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтың алғыс хаты табысталды.
14 желтоқсан 2018 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930