» » Шығыс күнтізбесі бойынша жасалған 2019 жылдың жұлдыз жорамалы

Шығыс күнтізбесі бойынша жасалған 2019 жылдың жұлдыз жорамалы

  Шығыс күнтізбесімен бәрі таныс. Әрбір адам қандай жануар жылы туылғанын біледі және өз жануарының сипаттамасына қатты қызығушылық танытады. Сонымен қатар, бұл 12 жылдық цикл жай ғана ойын-сауық емес, ол 4000 жыл бұрын астрологтар әзірлеген күрделі жүйе.
Тышқан
Тышқандар үшін алдағы жыл жайлы және ырғақты болады. Егер сіз белсенді болсаңыз, онда ағынмен жүзу сізге ішпыстырарлық болып көрінеді. Сондықтан, көңіл көтеретін оқиғалар мен қызықтарды сіз өзіңіз іздеуіңіз керек. 2019 жыл неке құруға сәтті жыл емес. Бірақ, доңыз жылы толық романтикалық кезең болады деп уәде етеді.
Бірақ барлық қарым-қатынастың соңы ұзаққа созылатын болашаққа әкелуі екіталай. Жұмыста да, қаржы мәселесінде де барлығы тыныш болады. Сондай-ақ, бойыңызды жалқаулық билейтін болады, және қаржы мәселесі сіздің еңбекқорлығыңыз бен белсенділігіңізге тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, табысыңыз ұлғайсын десеңіз енжарлықпен күресіп, ешқандай жағдайда үлкен шығынға әкелетін ұсыныстарға бармаңыз.
Сиыр
Сиыр жылы туғандардың 2019 жылы әсіресе, отбасы мен жеке өмірінде жағымды жаңалықтар мен қуанышты сәттер көп болады. Доңыз жылы жылу мен қамқорлыққа және үйлесімділік пен махаббатқа толы жыл болмақ. Егер отбасын құдуды жоспарлап жүрсеңіз, онда доңыз сізге өзіңізге сай адамды жібереді. Сондықтан, өз тағдырыңызды жіберіп алмаңыз.
Белсенді ой еңбегі сіздің мансабыңызға серпіліс береді. Бірақ жұмыс пен демалысты құзырлы түрде алмастыру, екі жаққа да ешқандай басымдылық әкелмеуі керек. Ал, күш-жігерді туыстарыңызбен немесе достарыңызбен бірге саяхаттау арқылы жинай аласыз.
Барыс
Сізге шынымен де табысқа жететін уақыт келді. Егер сізге қалағаныңыздың бәрі қолыңызға келіп жатқандай көрінсе, онда қателеспедіңіз. Үйленбегендер мен тұрмысқа шықпағандарға сәттілік күлімсірейтін болады, және маңызды қарым-қатынас та көп күттіртпейді.
Сондай-ақ, оқу мен мансапта алға жылжу оңай болады. Сіз тіпті, сыйақы алу немесе қызметті жоғарылату үшін қатаң әрекеттер жасай аласыз.
Басқа белгілердегідей, барысқа да жалқаулық пен «тағы да 5 минут ұйықтай тұрайыншы» деген ниет сәтсіздік әкеледі.
Себебі, доңыз сіздің жалқаулыңыздан енжарлық танытып, сізді жағымды сый-сыяпаттан қағуы мүмкін. Миллион жоғалтпасаңыз да, қосымша немесе мыңдаған сыйақыдан құр қалуыңыз ықтимал.
Қоян
Қояндар мінез-құлқын қайта қарауға мәжбүр болып, қатал мінезін жүгендейтін болады. Әйтпесе олар бүкіл жақын адамдарымен жанжалдасып қалуы мүмкін.
Қайшылық жағдайлар жұмыс орнында да орын алуы мүмкін, бірақ оның салдарынан жақсы қызметіңізді жоғалтып алуыңыз ғажап емес.
Сондықтан, осындай жайсыз жайттардың орын алуына жол бермеу үшін өзіңіздегі жақсы қасиеттерді дамытуға тырысыңыз. Келіссөздер мен ымыраға келу арқылы, сіз өз мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыз.
Ал, жеке өмірде бәрі тыныш болады. Бірақ, нәзік әлемді сақтау үшін серігіңізді барлық кемшіліктерімен бірге қабыл алыңыз.
Ұлу
Бұл белгінің өкілдері барлық маңызды оқиғаларды алдын ала жоспарлап алуы керек. Жұмыстың барлық кезеңдерін қағазға жазып, жылдық есеп жасаңыз. Үйленуді жоспарласаңыз да әрбір ұсақ-түйекке назар аударыңыз. Әйтпесе, салдары түрлі қиындықтарға әкелуі мүмкін.
Өзіңіздің абайсыздығыңыздан болған осындай тосын сыйлардан басқа, 2019 жылы ешқандай қатты толғаныстар болмайды. Бұл өз денсаулығыңызға қамқорлық жасаудың тиімді уақыты.
Биылғы жылы айдаһарлардың қызу мінезіне байланысты ас қорыту және жүйке жүйесінде біраз қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан, медитация жасап табиғатқа шығыңыз, сонда көптеген аурулардан аулақ бола аласыз.
Жылан
Биылғы жылы жылан мен доңыз арасындағы қатынас жайсыз болуы мүмкін. Сондықтан 2019 жылы табыстың аранына түспей, тасада отыра тұрғаныңыз жөн. Бірақ, әдеттегі қарқынмен өмір сүріп, салауатты амбиция мен бастама білдіріңіз.
Бірақ, егер қандай да бір істе алдаушылық, алаяқтық немесе күмән туғызарлық әрекетті байқасаңыз, ол іс сізге қаншалықты пайда әкелсе де, ол жолдан тезірек тайғаныңыз дұрыс. Бұл махаббат қатынастарына да қатысты. Сондықтан, мұндай жағдайларда кім-көрінгенмен болғанша, жалғыз жүргенің артық деген даналықты ұстаныңыз.
Жылқы
Бұл белгінің өкілдері доңызға тән қасиет, яғни жалқаулыққа аздап беріле алады. Бірақ, әрине жақсы мағынада. Биыл жылқыларға өлмес понидің рөлін тастап, лайықты демалыс алуына мүмкіндік беріледі. Дегенмен, жылқылар еңбекқорлығының арқасында қаржылық ағынмен марапатталады.
Сондай-ақ, биыл махаббат мәселесінде де жағымды жаңалықтар көп болмақ. Сондықтан, қыздар сүйіктілеріңізден ұсыныс күтіңіз, ал ер азаматтар ұсыныс жасауға шешім қабылдаңыз. Егер қарым-қатынасыңызға күмәндансаңыз, демек, 2019 жылы оны артта қалдыру керек.
Қой
Қойлардың биылғы жылы жолы болады. 2019 жыл олар үшін сәтті болмақ. Жаңа жылда қуанышты және бақытты сәттер көп болады. Соның ішінде, нәзік жандыларға ер азаматтардың назары көп бөлініп, олар болашақ серіктесін мұқият таңдай алады.
Сонымен қатар, бұл белгінің отбасылы өкілдері де сүйіктілерімен жақсы қарым-қатынаста болады.
Ал мансаптық табысқа жету үшін барлық күш-жігеріңізді жұмсауңызға тура келеді. Сондықтан, қойлар тер төгіп жұмыс істеуі тиіс. Бірақ ақшалай өтемақы мен айналаңыздағылардың сізге деген құрметі соған тұрарлық болмақ.
Мешін
Мешіндер үшін доңыз жылы қызықты және жарқын болады. Жағымды жаңалықтармен қатар, жағымсыз сәттер де орын алуы мүмкін. Тіпті, оқиғалардың көптігінен басыңыз айналады. Сондықтан, елеулі оқиғаларды алдын-ала жоспарлаңыз және өзіңізге тым көп жүктеме алмаңыз.
Егер қосымша жүктемені көтере алатыныңызға күмәндансаңыз, кейінге жоспарланған нәрсені іске асырмай қоя тұрыңыз. Мысалы, басқарушы лауазымды атқаруды немесе үшінші баланы дүниеге әкелуді келесі жылға қалдырғаныңыз жөн болмақ.
Қаржы қорына және жалпы денсаулығыңызға назар аударыңыз. Массаж курсын алып, тірек-қимыл аппаратының ауруларымен бетпе-бет келмеу үшін босаңсытатын арнайы аппликатор сатып алыңыз.
Тауық
Тауықтарды шиеленісті және қиын жыл күтіп тұр. Сонымен бірге 2019 жыл тауықтар үшін қаржылай табысты жыл болмақ. Бірақ, ақшаның соңында жүремін деп, өмірдің басқа да маңызды құндылықтары – отбасы мен қарым-қатынасты жоғалтып алмаңыз. Тұрақты жұмысыңыздың арқасында туындаған қызғаныш пен жанжал сізге материалдық бонустардың рахатын көруге мүмкіндік бермеуі мүмкін.
Сондықтан, барлық жағынан үлгеру үшін, уақытыңызды әр нәрсеге дұрыс бөліңіз. Сонда сіз жақындарыңыздың түсінушілігі мен қолдауына ие боласыз. Ал бұл 2019 жылы маңызды болмақ. Тек отбасыңыздың қолдауына ие болғаннан кейін ғана мансабыңыз көтеріле бастайды. Және табысқа қол жеткізген соң, оны сізге көмектескен адамдармен бөлісуді ұмытпағаныңыз жөн.
Ит
2019 жыл сіз үшін жақсы жыл деп айтуға болады, бірақ көбінесе тітіркендіргіш факторларға кезігуге тура келеді. Эмоциялық ширығу сіздің романтикалық өміріңізге әсер етеді, барлық теріс эмоциялар серіктесіңізден бөлінетін болады.
Ал, екінші жартысын кездестірмегендер ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие болады. Бірақ, мансап пен жеке өмірді таңдау керек болса, махаббатты таңдаңыз.
Доңыз
Бұл сіздің жылыңыз, және одан жағымды нәрселерді көп алуға тырысыңыз. Осы кезеңде болған сәттіліктер келесі жылдары болмауы әбден мүмкін. Яғни 2019 жылы қажет нәрсенің бәрін жинақтау керек.
Жұмысты ретке келтіріп, ақшаны үнемдеп, отбасыңызды сақтап қалуыңыз немесе құруыңыз керек. Сондай-ақ, мұның бәрі 2019-жылы артық күшсіз орындалатынын естен шығармаңыз.
19 желтоқсан 2018 ж. 3 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031