» » Таңғажайып жұлдыз-жорамал

Таңғажайып жұлдыз-жорамал

 29 наурыз-4 сәуір
ТОҚТЫ
Осы апта төзімділік пен жинақылықты талап етеді. Салқынқандылық танытсаңыз, табысқа қол жеткізесіз. Егер бір рет эмоцияңызға ерік берсеңіз, ұзақ жылдар бойы жиған дүниеңізден айырыласыз. Білім алып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіңіз.
     ТОРПАҚ
    Сіздің армандарыңыз орындалады. Себебі көптен жоспарлап жүрген ісіңіз алға басқалы тұр. Сүйіктіңізбен қайта татуласу мүмкіндігін қалт жіберіп алмаңыз. Бәрі сіз қалағандай болады. Апта сіз үшін сәтті өтпек.
       ЕГІЗ
 Өз бақытыңызды қолдан ұшырмаңыз. Сүйіктіңізге көңіл бөліп, кездесуге шақырыңыз. Сонда ғана арадағы махаббат сезімі ұлғайып, өмірге шынайы көзқарас туады. Арманның орындаларына сеніңіз.
      ШАЯН
Ел алдында сөз сөйлейтін және кәсіпте жеңіске жететін уақыт келді. Басшылықтан қолдау күтіңіз, кәсіби біліктілігіңіздің артуына көмектеседі.
АРЫСТАН
Бұл апта оқуға, жұмысқа қатысты мәселелерді оңынан шешуге ыңғайлы болмақ. Сабыр сақтап, өзіңізге деген сенімділікті жоғалтпасаңыз, бәрі жақсы болады. Достарыңызбен түсініспеушілік орнаса да, соңы жақсы аяқталады.     
     БИКЕШ
Жұмыста ойластырылған іс-шаралар жүзеге асады және барлық жағдайда тиімді болады. Сонымен қатар сапарға шығудың сәті түсіп тұр.
ТАРАЗЫ
Жұмыстан бөлек отбасыңызға көңіл бөліңіз. Бойыңызда күш-қуат таситынына жұлдыздар уәде етеді. Бар ынтаңызбен істеген кез-келген іс ертелі-кеш жемісін берері анық. Сондықтан берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
      САРЫШАЯН
Еңбегіңізді басшылық бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеңіз. Барыңызды салсаңыз, жеңіп шығасыз.
МЕРГЕН
Барлығын алдын ала жоспарлауға тырыссаңыз да, бұл апта тосын сыйларға толы болады. Қызметіңізге де, отбасыңызға да қатысты. Осы аптада қаржылық қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ еш мойымаңыз.
      ТАУЕШКІ
Бұл аптаның жағымды жаңалығы мол. Қандай да бір шешілмеген мәселені айналшықтамай, жаңа бастамаларды қолға алуға тырысыңыз. Сондай-ақ дау-дамайдан барынша алыс жүріп, көтеріңкі көңіл-күйді түсірмеңіз.
        СУҚҰЙҒЫШ
Достың да досы бар екенін есте ұстаңыз. Амал дос пен адал досты ажырата біліңіз. Тек сонда ғана ісіңіздің оңды боларына сенім мол болмақ.
       БАЛЫҚ
    Осы апта жақсы жаңалықпен басталмақ. Ақшаңызды үнемдеп жұмсаңыз. Алдағы күні өзіңізге мол қаражат керек болуы мүмкін.
29 наурыз 2018 ж. 1 832 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031