» » ҚОС ӘНШІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ НЕ БОЛМАҚ?

ҚОС ӘНШІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ НЕ БОЛМАҚ?

   Қазақ халқының сүйікті ұлы Мейрамбек Бесбаевқа “даусы жоқ” деп баға бергені үшін Халық артисі Роза Рымбаеваның басы дауға қалды. Көптеген тыңдармандар сұхбаттың толық нұсқасын көріп үлгерместен, Роза Қуанышқызын жерден алып, жерге салған. Бұл ретте Мейрамбек Бесбаев өнердегі әпкесін жақтап, оған тіл тигізбеуді өтінді, деп жазады Stan.kz.

“Ардақты достар, алып-қашпа сөзге ермей, алауыздық тудырмай әліптің артын баққанымыз жөн. Менің бағамды көтерем деп, менің әпкем – қазақтың біртуар қызы Роза Рымбаеваның беделіне нұқсан, абыройына тіл тигізбейік!” – деп пікірін білдірді ол Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Тимур Балымбетовке берген сұхбатында Роза Қуанышқызы Мейрамбектің асқан даусы болмаса да, оны бүкіл халық жақсы көретінін, өзі де жақсы көріп тыңдайтынын айтқан болатын.

23 желтоқсан 2018 ж. 1 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31