» » Денис Тенді тапсырыспен өлтірген бе?

Денис Тенді тапсырыспен өлтірген бе?

  Бүгін белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сот тыңдалымы өтіп жатыр. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы оны өлтіруге тапсырыс берілген болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров соттан істі қосымша тергеуді сұрады. Қорғаушы тараптың пікірінше, істе процессуалдық бұзушылықтар бар және қылмыс тапсырыстық сипатта болған.
«Біз қылмыстың сыбайластарын анықтау үшін істі прокурорға қосымша тергеуге жіберуді сұраймыз. Істің материалдарындағы дәлелдердің қайшы тұстары бар, олар қылмыстың тапсырыспен жасалғанын көрсетеді. Айдап салушылар мен арандатушыларды жауапқа тарту керек. Қосымша тергеу жүргізіп, дербес сот өндірісіне бөлуді сұраймыз», – дейді Өстеміров.
Сонымен қатар жәбірленуші тараптың қорғаушысы сотқа Астана тұрғыны Самара Шәмшиеваның жеткізілуі туралы өтініш білдірді. Бұған дейін ол Арман Құдайбергеннің ұрлығының салдарынан зардап шеккен.
25 желтоқсан 2018 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031