» » Бірінші қаңтардан жәрдемақы мен зейнетақы өседі: кімге және қанша төленеді?

Бірінші қаңтардан жәрдемақы мен зейнетақы өседі: кімге және қанша төленеді?

2019 жылы І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы биылғыдан 2700 теңгеге көбейсе, бала туғанда берілетін бір реттік төлем 4,5 мың теңгеге өспек. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап төртінші баланы босанған аналарға біржолғы жәрдемақы 7560 теңгеге артады.
Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің қаншалықты өсетіні әрбір қазақстандықтың көкейіндегі сұрақ. Сонымен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала тууына байланысты берілетін бір реттік төлемдер 4,5 мың теңгеге артпақ, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы. 
"2018 жылы бір реттік берілетін жәрдемақының көлемі 91 390 теңге болған. 1 қаңтардан бастап 95 950 теңге болады", — дейді "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің филиал басшысы Райхан Жолдықұлова.
Сондай-ақ жаңа жылдан бастап 4-ші баланы босанған аналарға бір реттік жәрдемақы 151 515 теңгеден 159 075 теңгеге немесе 7560 теңгеге көбейеді.

Ал І топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2 715 теңгеге өсіп, 57 021 теңге болады. ІІ топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2 163 теңгеге артып, 45 438 теңге болады. Ал, үшінші топтағы мүгедектердің алатын көмегі 30 886 теңге немесе биылғымен салыстырғанда 1470 теңгеге артады.Бұдан бөлек, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы да аздап артады. Мысалы, әкесі немесе шешесінен айырылған толық емес отбасылар бір бала үшін 25 541 теңге немесе қазіргімен салыстырғанда 1200 теңгеге көп көмек алады. Ал, бала кезінен І топ мүгедегін тәрбиелеп немесе күтім жасап отырған отбасылардың жәрдемақысы 1484 теңгеге өседі.
"І топ мүгедек баланың күтіміне және оның асырауына байланысты 2018 жылда жәрдемақы мөлшері 29 698 теңгені құраса, жаңа жылдан бастап 31 183 теңгеге көбейеді", — дейді "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкері Жанна Меңілбекова. 
Сондай-ақ, келесі жылы әйелдер зейнетке биылғыдай 58,5 емес, 59 жастан шығады. Ал, зейнетақы инфляция деңгейінде немесе 7 пайызға өседі.  Айыппұлдар мен түрлі салықтарға тікелей қатысты айлық есептік көрсеткіш келесі жылға 2 525 теңге көлемінде бекіді.
sputniknews.kz
26 желтоқсан 2018 ж. 1 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031