электронды қызметті пайдаланушылар саны артқан
BRIEFING

– Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық әкімдікпен бірлескен іс-қимыл жоспары негізінде филиал арқылы биыл 50 мыңға жуық адам цифрлық сауаттылық курсынан өтіп, сертификат алды. Одан бөлек, Қызылорда қаласындағы үш ЖОО-да студенттерге қызмет көрсету орталықтары ашылды. Филиал мамандары ондағы қызметкерлер үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырды. Сондай-ақ мемлекеттік корпорация ТМД елдері арасында алғашқы болып мемлекеттік қызметтердің проактивті қағидатын енгізді. Жоба іске қосылғаннан бастап облыс бойынша сәбилі болған 6300-ден аса анаға проактивті қызметтерді алуға SMS ұсыныс жолданды. Нәтижесінде 5 мыңнан астам туу туралы құжат рәсімделіп, 4 000 бала балабақша кезегіне тұрды. 2500-ден астам жәрдемақы тағайындалды, – деді филиал директоры Айдын Бөкенбайұлы.
Брифинг барысында филиалдың мамандандырылған ХҚО арқылы көрсетілген қызмет түрлері таныстырылды. Оның ішінде автокөлік иелеріне жағымды жаңалық көп. Атап айтар болсақ, электронды үкімет порталы арқылы 133 автокөлік тіркеліп, 2 мыңнан аса өңір тұрғыны жүргізуші куәлігін рәсімдеген. Сондай-ақ, автокөлігін тіркеуге келген азаматтардың бос жатқан көлік нөмірін және әріптік таңбаларды таңдауға мүмкіндігі бар. Оған қоса мемлекеттік корпорация жүктілікке, мүгедектік алуға, асыраушысынан айырылуына байланысты және зейнетақы тағайындау сияқты 43 түрлі әлеуметтік төлем бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА