» » Компьютер және видео ойындарына құмарлық енді психикалық ауытқу ретінде саналатын болды

Компьютер және видео ойындарына құмарлық енді психикалық ауытқу ретінде саналатын болды


Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы осындай шешімге келді. Ауру түрлерінің жаңа тізімі 2018 жылдың ортасына қарай жарияланбақ. Бұл туралы ұйымның баспасөз хатшысы Тарик Язаревия хабарлады. Ал бұл құмарлықты қалай анықтауға болады? Мамандар компьютер және видео ойындарына шамадан тыс көп уақыт жұмсау, күнделікті шаруаларды ысырып тастау, одан келген зиянға қарамастан, әрі қарай жалғастыра беру, аталған дерттің басты белгілері екенін айтады. Ойынға құмар адамның мұндай әдеті оның жеке өмірі мен жұмысына әсері анықталған жағдайда осындай диагноз қойылады. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, диагнозды қою үшін кем дегенде бір жыл уақыт керек. «Ойындарға құмарлықты психикалық ауытқуға жатқызу шешімі көптеген елдің әзірге жаңа ауру түрімен күресудің оңтайлы жолдарын табуға септігін тигізеді», – дейді ұйым өкілдері.
07 қаңтар 2018 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031