ЖИТС өзекті мәселе
Жүре пайда болатын иммундық тапшылық – иммундық қуаттың әлсіреуінен соқтыратын жұқпалы ауру. Адамда иммунитет жетіспеушілік туғызатын вирусты 1983 жылы француз ғалым Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы американдық ғалым Галло вирустың барлық өсиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. Адам ағзасына енген ол қанның лимфооцит жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып тез көбейетінің дәлелдеді. Вирус жұққан адамның 35-50 пайызы ауруға шалдығады. Қалғандары дені сау, вирус тасымалдаушы болып қалады. ЖИТС немесе қазіргі кезде АИВ инфекциясы деп аталатын індеттің тиісті кезеңдеріне қарай әртүрлі белгісі болады. Жұққан сәттен бастап алғашқы белгілері пайда бола бастағанға дейінгі уақыт инкубациялық кезеңбастапқы 2-3 аптадан 6-12 айға, кейінгі кездегі мәліметтер бойынша бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Инфекция кейде белгісіз түрде дамиды. Негізінде науқастанғандардың 1/3-нің дене қызуы көтеріліп, баспа (ангина), бас ауыруы, лимфабездерінің ісінуі, әлсізденуі, терісіне бөртпе шығу сияқты жедел ауру белгілері пайда болуы мүмкін.
ЖИТС-тің алдын-алу, сақтану, саламатты өмір салтын қалыптастыру, насиахаттау барысында көптеген шаралар атқарудамыз. Обысымызда ЖИТС ауруын 122 адам тіркелген. Оның басым көпшілігі ер кісілер екені анықталды. Олар қазіргі таңда арнайы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп отыр. Бүгінде ЖИТС-тің алдын-алу бағытында біршама жұмыстар атқарудамыз. Болашақта да ЖИТС-пен күресті тоқтатпаймыз.Тәңірберген Амитов,
ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы
күрес жөніндегі облыстық орталығының бас дәрігері