» » Apple корпорациясы Netflix-ті сатып алмақ

Apple корпорациясы Netflix-ті сатып алмақ

Business Insider журналы Citi Bank қаржылық сарапшыларының 2019 жылға қатысты болжамдарын жариялады. Олардың ең ерекше болжамдарының бірі – технологиялық алпауыт Apple компаниясы қазіргі заманғы теледидар мен кинотеатрлар ландшафтын толығымен өзгерткен Netflix стриминг қызметін сатып алатындығы. Мұндай тұжырымға келген Джим Сува және Ася Мерчант есімді сарапшылар дәл осы жағдайдың не себепті орын алатыны туралы екі негізгі факторды атады. Біріншіден, АҚШ-тың Салық кодексіндегі жаңа өзгерістерге байланысты Apple қаражатының көп бөлігі компанияның өз еншісінде қалады. Екіншіден, компания өз фильмдерін, сериалдарын және басқа ойын-сауық мазмұндағы жобалар түсіретінін әлдеқашан жариялаған, бірақ бұл салада әлі күнге дейін айтарлықтай жетістікке жете алмай келеді. Сондай-ақ, Netflix көп жағдайда түпнұсқа контент шығарады, бұл әрдайым өтеле бермейді және компанияны қарызға батырады. Яғни, Apple қаражатына белгілі бір деңгейде тәуелді болып қалуы да мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Citi сарапшылары Диснейдің Fox корпорациясын сатып алатындығын болжаған еді, бірақ оған көпшілік сенбеген. Сондықтан, Netflix-тің Apple корпорациясына өтпейтініне сенімді болу қиын.
07 қаңтар 2019 ж. 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031