» » Вице-министер неліктен қиярдың экзотикалық жемістерден қымбат екенін түсіндірді

Вице-министер неліктен қиярдың экзотикалық жемістерден қымбат екенін түсіндірді


Ауыл шаруашылығының вице-министрі Нұржан Алтаев не себепті экзотикалық өнімдердің қиярдан арзан тұратынын түсіндірді.Ауыл шаруашылығы министрлігінің мақсаты — бағаны тұрақтандырып отыру емес, аталған саланың дамуына жағдай жасау. Осылай деп жазды ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Алтаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында. Ары қарай не себепті Қазақстанда экзотикалық жеміс-жидектің қиярдан арзан екенін түсіндірді.
«Экзотикалық мемлекеттермен салыстыратын болсақ, біз көкөністер мен жемістер өсіру үшін көбірек шығындаламыз. Қарапайым ол жақта қыстың болмайтынының өзі әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде бағаға әсер етпей қоймайды. Мұнымен қатар, бізде көкөністерді маусым арасында жылыжайларда өсіреді. Өкінішке орай, қыста жыл сайын көкөністер қымбаттайды. Бұған көрші Ресейдегі бағалар да әсер етіп отырады. Себебі, оңтүстік өнімдерінің көбісі дерлік сол жаққа жіберіледі. Бірақ, бұл қолдан келер шара жоқ деген сөз емес», — деп жазды вице-министр.
Ол ведомствоның халықты қыста көкөністермен қамтамасыз ететінін, бірақ бағаларды тұрақтандырмайтынын айтып өтті.
«Біз тек өнімге әсер ете аламыз! Ауыл шаруашылық министрлігі бағаны тұрақтандырып, бизнесмендер мен кәсіпкерлерге бір нәрсе үйретіп отырулары тиіс деп ойлайтындар айналасына бір қарасын — біз 20 жылдан бері нарықтағы бағаны сұраныс анықтайтын қоғамда өмір сүріп жатырмыз! Біз қазір не істеп жатырмыз? Бірінші кезекте, жылыжайлар салу үшін субсидиялар мен жеңілдікпен несие берудеміз және т.б. Осы өнімдердің көптеген бөлігі көрші елдерге жөнелтіліп отырады. Картоппен де солай болған еді. 100 мың тоннаға жуық картоп Өзбекстанға жөнелтілді. Себебі, ол жақта картоп бағасы қымбат», - дейді Нұржан Алтаев.
Оның айтуынша, көкөністер мен жемістерді сақтау, сату, тасымалдау кезінде жартысы бұзылады. Бұзылған көкөністер мен жемістердің мөлшері 30-50%-ға дейін жетеді.
«Бар мәселе заманауи сақтау кешендерінің аз болуында. Әзірге жеміс-көкөніс тауарларын дистрибуциялайтын инфрақұрылым дамымаған. Қазір Министрлік әр облыс орталығында көтерме сауданы ретке келтіретін желі құруды жоспарлап отыр. Мұнымен қатар, әзірлеу орталықтарын құру да жоспарда бар. Бұл бағаны төмендетуге әсер етеді, ал жабдықтардың өзі жақсара түседі», — деп түсіндірді вице-министр.
08 қаңтар 2018 ж. 1 088 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031