Қызылорданың тұсында ескі су бөгеті жарылды

Дегенмен, 10-ға жуық техника жұмылдырылып, инертті материалдардың көмегімен ескі бөгет тез арада қалпына келтірілді. Қазір облыс аумағындағы барлық қауіпті тұс ерекше бақылауға алынған, күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылуда.
Ғабит Жаңабаев,
облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары:
- ҚР Үкіметінің арнайы шығындарынан, төтенше жағдай шығындарынан 2 миллиард 656 миллион қаржы бөлініп, 10 км қорғаныс бөгеті салынып, қазіргі заманға сәйкес, сол қорғаныс бөгетінің алдындағы ескі қорғаныс бөгеттерінің үстінен су жүріп, жаңа қорғаныс бөгетіне келіп тірелді. Ескі қорғаныс бөгетін шұғыл сол араға бекітілген мекемелер, қала әкімдігі тарапынан арнайы мекемелер жұмылдырылып, толық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.