Биометрия жобасы іске қосылады

Биометрия жобасы шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаты не электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет емес. Ол үшін бет-бейне скан көшірмесі немесе саусақ ізінің болуы жеткілікті. Аталған жоба бір ай бұрын Астана және Алматы қалаларында пилоттық жоба ретінде енгізілді. Биыл қыркүйек айына дейін барлық облыста іске қосу жоспарланған.
Айта кетейік, биометрия базасы қаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауіпсіздік саласында, сондай-ақ ғимаратқа кіру жүйесінде пайдаланылуы мүмкін. Шетелдік тәжірибеде бұл әдісті Ұлыбритания, Үндістан, Нидерланд королдігі ұтымды пайдалануда.