МАХ FACTOR

1895 жылы Макс өзінің жеке дүкенін ашады. Бұл жақтан көптеген жақпа майлар, әтірлер және жасанды шаштың түр-түрін сатып алуға болатын. Уақыт өте Максимилианның ескі таныстары, театр әртістері тұрақты сатып алушыларды жинауға көмектеседі. Сонымен қатар өздері де түрлі қойылымдарға Максимилианның өнімдерін жағып шығатын. Ол өз сатып алушыларына опа-далапты қалай жағу керек және қандай мөлшерде деген секілді сауалдарына жауап беріп, жиі кеңестер беріп отыратын. Бірнеше айдан кейін ол Санкт- Петербургтегі опера театрының грим бөліміне жұмысқа тұрады.
1904 жылы елдегі саяси қақтығыстарға байланыста ол жұбайы және екі баласымен Американың Лос-Анджелес қаласына көшіп кетеді. Біраз қаражат жинап, сол жақтан қайта дүкен ашады. Дүкеннің аты оңай әрі қысқа естілу үшін “ Max Factor” деген атау береді. Бұл уақытта Америкада қарыштап дамып жатқан киноөндіріс Максимилианның пайдасына шешілді. Оның дүкенінен түрлі жұлдыздар өздеріне қажетті заттарды таба алатын. Оның қайталанбас опа-далабы 12 түрлі түстен тұратын. Ол жеке өзі терінің түсіне байланысты таңдауға көмек жасады. Ол суға төзімді опаны алғаш ойлап тапқан адам болды. Ұсынылған өніммен қаланың тең жартысы қамтамасыз етілді. Сол кездері опаны тек қана артистер жағатыны жайлы түсінікті бұзып, әр әйелдің сұлу болуға қақысы бар екенін дәлелдеді. Макс Фактор блондин (сары шашты) әйелдерге, брюнеттерге арнайы бояну әдісін ойлап тапты. Сән әлемінің аңыз адамы 1938 жылы дүниеден озды. Оның көзі кетсе де артынан қалған мұрасын ұрпақғы жалғастырды.
Дамир АМАНКЕЛДІ