» » Биыл зейнетақымен қамсыздандыруға бюджеттен 1,9 трлн теңге бөлінді

Биыл зейнетақымен қамсыздандыруға бюджеттен 1,9 трлн теңге бөлінді


2017 жылы зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 1,6 трлн теңге бағытталды. Ал биыл қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін бюджеттен 1,9 трлн қарастырылды. 2017 жылы 2 миллионнан астам зейнеткерлердің зейнетақы көлемі 20%-ға дейін артты. Ал жалпы зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражаттың көлемі 1,6 трлн теңге болды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8%, базалық зейнетақы 6% өсті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 шілдеден бастап зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрайтын болады. Биыл азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыр үшін 1,9 триллионнан астам теңге қарастырылып отыр.
08 қаңтар 2018 ж. 1 044 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031