» » 2018 жылы әлеуметтік төлемдер 16% өседі

2018 жылы әлеуметтік төлемдер 16% өседі

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 16%-ға дейін өсетін әлеуметтік төлемдер тізіміне асыраушысынан айырылған және еңбекке жарамсыз болып қалған отбасылар кіреді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған қаулыға сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен он алты пайызға арттыру жүргізіледі.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың алты түрі бар: еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдай; асыраушысынан айырылған жағдай; жұмысынан айырылған жағдай; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдай; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдай; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдай.
Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік міндетті сақтандырудың көлемі ең аз жалақыдан 80%-ын алып тастау арқылы белгіленеді. Мысалы, бір айлық орташа және ең аз жалақы мөлшері 100 мың теңге болса, қазақстандық 20 мың теңге көлемінде міндетті әлеуметтік көмек алып отырады.
27 желтоқсан 2017 ж. 1 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930