» » Өткен жылы 343 мың қазақстандық шетелде демалған

Өткен жылы 343 мың қазақстандық шетелде демалған

   343 мың қазақстандық 2018 жылы шетелде демалып қайтты. Жалпы 2016 - жылдан бері 616 мың туркод берілді, - деп хабарлады "Туристік Қамқор" Корпоративтік қорының баспасөз қызметі.
Көбіне өткен туристік маусымда қазақстандықтар демалуға Түркияға барды: 148 мың адам. Екінші орында Египет – 104 мың адам. Үшінші орында – Біріккен Араб Әмірлігі (33,5 мың қазақстандық). Төртінші орнды Қытай мен Таиланд өзара бөлісіп отыр (18 мың туристен). Бесінші орында – Вьетнам (4,5 мың), алтыншы орында – Үндістан (2,7 мың), сосын Чехия (2,4 мың), сегізінші - Доминикана (2,1 мың), тоғызыншы  Греция (2 мың) және оныншы орында Грузия (1,4 мың адам).
"2018 жылы шетелге шыққан бірде бір қазақстандық сақтандыру жағдайын пайдаланбағандығы қуантады. Барлық компания өз міндеттерін адал орындады.Туындаған кішігірім мәселелер жедел түрде сол жерде шешіліп отырды. Бірде бір қазақстандық туроператордың кінәсімен шетелден шұғыл шығарылған жоқ. Бүгінгі күні қордың тізімінде 56 туроператор бар, олармен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады", - делінген компания таратқан мәліметте.
Жалпы Қазақстанда туризм саласында нақты туроператорлық қызметті жүзеге асыратын шамамен 140 компания жұмыс істейді. 
Туристік код 11-13 (шығу еліне байланысты) әріп-цифрлық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әр турист үшін бірегей болып табылады. Төтенше жағдай туындаған кезде турист Қормен байланысқа шығып, өзінің туркодының нөмірін айтып және 24 сағат ішінде жедел көмектің көрсетілуін күтеді.
27 қаңтар 2019 ж. 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031