» » Forbes 2018 жылдың ең бай әншілерін атады

Forbes 2018 жылдың ең бай әншілерін атады

Forbes журналы әлемдегі көп ақы төленетін әншілердің рейтингін құрды. Бірінші орында Кэти Перри тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 Кэти Перри Witness: The Tour концерттік турының арқасында 83 миллион доллар тауып, өткен жылғы рейтингтегі тоғызыншы орыннан біріншіге көтерілген.  Екінші орында Тейлор Свифт болды. Оның табысы 80 миллион долларға бағаланды. Forbes тілшісі әншінің жетістігіне Reputation альбомы маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Себебі альбом шыққан соң бір апта ішінде оның шамамен екі миллион данасы сатылған.  Үшінші орынды 60 миллион доллармен Бейонсе иеленді. Төртінші кезекте Pink тұр. Ол бір жылда 52 миллион доллар табыс тапқан. Ал бесінші Леди Гага (50 миллион доллар). Алғашқы ондықтың қатарына Дженнифер Лопес, Рианна, Хелена Фишер, Селин Дион және Бритни Спирс кірді.
20 қараша 2018 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930