» » «Қайрат» оңтүстіккореялық жартылай қорғаушымен келісімшарт орнатты

«Қайрат» оңтүстіккореялық жартылай қорғаушымен келісімшарт орнатты

  «Қайрат» футбол клубы оңтүстіккореялық жартылай қорғаушымен келісімшарт жасасты, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметінен.
Сеул қаласынан шыққан дарынды ойыншы футболмен 9 жасынан бастап айналысып келеді. 2014-2016 жылдары Хан Чжон Ву «Йонгвун» командасы үшін ойнаған. Өткен маусымда шабуылдаушы хавбек «Сунгсиль» футбол клубының намысын қорғады. Хан Чжон Ву допты сол аяғымен тамаша тебу шеберлігімен танымал, сонымен бірге, екі аяғымен де түрлі позициялардан тамаша соққылар жасай алады. 2016 жылы Оңтүстік Корея жасөспірімдер құрамасының (U-18) жаттықтырушылар штабының назарына іліккен әмбебап ойыншы оның құрамында екі ойын өткізген. Бұл ретте екі ойында да алаңға ағылшын жасөспірімдеріне қарсы шыққан.
Қазіргі кезде «Қайрат» клубының жаңа ойыншысының Токио Жазғы олимпиада ойындарына қатысуға жоғары мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде араларында Хан Чжон Ву бар оңтүстіккореялық олимпиадашылар 2020 жылы Жапонияда өткізілетін Олимпиада ойындарына жолдамаға үміткерлердің қатарында. Хан Чжон Вумен келісімшарт 2+1 кестесі бойынша жасалған. Осылайша, кореялық ойыншы «Қайрат» үшін қатарынан екі маусым ойнап, одан кейін келісімді тағы бір жылға ұзарта алады.
 Досье: Хан Чжон Ву
Туған жылы: 26 желтоқсан 1998 жыл
Бойы: 172 см.
 Салмағы: 65 кг.
Позициясы: жартылай қорғаушы
 Азаматтығы: Оңтүстік Корея.
29 қаңтар 2019 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031