Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер

Осы орайда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Студенттер «Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, белсенді жастардың басын қосты.
Шара барысында жас ғалымдар мен студенттердің «Жас кәсіпкерлер жылы», «Жас ғалымдардың жаңа бастамалары», «Келешегі кемел ел ғана жастар ісіне мән береді», «2019 жыл Жастар жылы» тақырыптарында баяндамалары тыңдалды. Бұл ретте, қатысушы жастар да ой-пікірлерін ортаға салып, алдағы мақсат-міндеттерді пысықтады.
Жиын еркін форматта өтті. Студенттер бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Және алда жасалатын жобалары туралы ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өзара сенімге құрылған ашық әңгіме өрбітті.