» » ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, сол мүмкіндікті біз дұрыс пайдалануымыз керек. Өмір айна тәрізді десек те қателеспейміз. Не десеңіз... Өмір – тарих. Әрбір адамның өмірін тарих деп қарастырсақ, сіздің өмір жолыңыз ұрпақтарыңызды үлгі-өнеге.

Ал қазіргі таңда өз өміріне көңіл бөлмейтін, өз болашағын ойламайтын адамдар жеткілікті. Өз болашағына сенімсіздікпен қарайтында қаншама. Өз-өзіне деген сенімділікті нығайту үшін рухы мықты болу керек. Рухы төмен адамдар өмірдің түрлі сәтсіздіктеріне шыдамай жатады. Уайым – қайғысын ұмыту үшін есірткеге әуестеніп, ішімдікке салынып, темекі шегіп денесін улап, денсаулығын құртатындар да  аз емес. Олардың көбі жастар десек те қателеспейміз. Бірінші қызығушылықпен басталған алғашқы қадамдар тәуелділікке әкеліп соғады. Тәуелділіктің шырмауынан түрлі ұрлыққа, қылмыстық істерге тап болып та жатады. Өзінің денсаулығына қауіп төндіргеніне қарамастан, өмірінде қараңқылап алатын жастар қаншама. Қызығушылықтан бастаған әрекет, өмірінің өксігіне айналмасына кім кепіл?!
Есірткіге тәуелділік қанша шаңырақты шайқады. Қаншана сәбилер жетім қалды. Қаншама адамның өміріне балта шапты. Адам денсаулығына зиян келтіретін есірткі туралы бірінші кезекте отбасында айтылғаны дұрыс деп ойлаймын. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесең» демекші шаңырақтың басшысы әке тәрбиесі мықты болу керек деп ойлаймын. Менің ағамның досым бірде маған: «Мен есірткі болсам, отта жанар едім. Суға батып, қайта шықпас едім. Бұл есірткі менің әкемнің өмірін құртты. Менің отбасымның шырқын бұзды. Әкемді көрмегеніме қанша жыл десеңші... Балалық шағымның барлық күндері әкемнің жолына қарап күтумен өтті. Әкемнің құшағында жатып, құмарлана иіскеп, сағынышымды бір басқым келетін. Бір бұл арман болатын. Есірткіге құмарлық әкемнің өмірін құртты. Қайта оралмас сапарға алып кетті. Кейде әкемді қатты сағынсам, жерге құмарлана құшақтап, иіскеп аламын. Сағынышым бір басылғандай болады. Кейде мен менің тағдырыммен тағдырлас балалар қанша екен деп те ойлайтынмын. Сондықта да менің есірткіден алар кегім бар...» деп мұңая сыр шертті. Ішкі сырын естіген мен: «Елбасымыз жастарға сеніп артып отыр. Біз – еліміздің ертеңіміз. Қазақ елінің болашағы біз жастар. Сенім артқан елдің болашағына өз үлесімізді қосайық деп  болашыға үндеу тастадым».
Есірткі қоғам дерті. Дерттен сақтанып, денсаулығымызды күтейік. Денсаулық айна секілді. Айнаны байқап күтпесең, сырт етіп шытынап кетеді. Менің ойымша есірткі адам бойына тез таралады. Уақытында құтылмасаң, кенедей жабысып түспейді. Темекі тарту арқылы қоршаған ортамызды ластаймыз, денсаулығымызды улаймыз. Айналаңыздағы адамдарға да зияныңызды тигізесіз. Сондықтан да болашағымыз бұлынғыр болмасын десек, бүгіннен бастап жаман әдеттерден құтылайық! Достар, бәріміз ұрандатып, зиян әдеттерге жол бермейік! Болашағымызға қазірден бастап жоспарлайық!
Бақытты жансың сөнбесе күнің көгіңде,
Бақытты жансың тіршілік еткен кезіңде,
Бақытты жансың өмірді сүйе білгенде,  
Бақытты жансың бағалай білсең өмірде!

№11 мектеп-лицейінің
            9 «Г» сынып оқушысы
Алмас Аружан Бауыржанқызы
Жетекшісі Мәди Зухра Темірбайқызы

22 қаңтар 2019 ж. 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930