Мен өмірді қалаймын!
Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ
тарапынан жарияланған сайысқа
Мен – біздің байтақ еліміздің жеткіншік болашағымын! Менің арманым көп! Мен аңсаған армандарыма қол жеткіземін. Мен өмірді қалаймын!
Дегенмен, әркімнің арманы – әртүрлі екенін түсіндім. Көптеген басылымдарда, ғаламторда, теледидарда - "есірткі" мәселесі жайлы ақпараттармен танысып, оның қаншалықты ауыр екендігін түсіндім. Бұл тақырыптағы бейнероликтерде: қорқынышты ауруға душар болғандардың, жан түршігерлік көріністері және ондай жағдайға есірткінің кесірінен өзін өзі жеткізгендігіне куә болдым. Нашақорларға – анасы да, достары да, оқуы да қажет емес екен. Олардың бүкіл әлемі - есірткі.
Біздің адамзат жер бетінде "нашақорлық" деп аталатын зұлымдық болған уақытта өмір сұруде. Бұл адам ағзасының ауыр психикалық және физикалық бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі қолдануға құмарлық. Алайда көпшілікті "қорқыныш" сезіміне баулитын заттар, жас балаларды қызықтырып, көбісінің өміріне «балта шабады».
Қираған армандар мен мақсаттар, шынайы достықты білмеу - бұл есірткі қолданатын адамның ащы өмірі. Бұл әдетке айналады. Зиянды тәуелділік адамды басқарып, есірткіні тағыда, тағыда талап ете береді. Есірткіні қолданатын адам өзіне өзі көмектескісі келмесе, оның өмірі құрдымға кетеді.
Өмірде көптеген құндылықтар бар - отбасы, достар, денсаулық, оқу және өмір мен табиғаттың барлық сұлулығының ашылуы. Қаншама адам, уақыт пен күш аямай, зұлымдықпен күресіп, аталмыш құндылықтарға қол созады.
Өзімізді жетілдіріп, білім алып, жаңа және белсенді өмір позициясын игере отырып, біз нағыз адам боламыз. Нәтижесінде біздің өміріміз қызықты және бай бола түседі. Біздің ата — анамыз өз балаларына күш - қуатын сыйлап, тәрбиелеп, білім беруге ұмтылады - нәтижесінде біз, балалар, лайықты азамат болып шығамыз.
Өмірдің - өз мақсаты бар. Бақыт немесе бақытсыздық құпиясы - әркімнің өмірінің осы мақсатқа сәйкес келетінімен тікелей байланысты.
Есірткі - зұлым! Әрбір саналы адам мұны түсінеді. Ең бастысы - дер кезінде «жоқ» деп айту. Адамның мықты ішкі өзегі болу керек! Күшті рух болу қажет! Адам - жеке тұлға, ал жеке тұлға – өзінің даралығын көрсете білу керек! Есірткіге жол жоқ! Дана бол! Өмір керемет! Мен өмірді қалаймын!
Қадыр Фариза
Қызылорда қаласы Серғали Толыбеков атындағы
№3 мектеп - лицей