» » WhatsApp хабарлама жіберуге қатысты шектеу қойды

WhatsApp хабарлама жіберуге қатысты шектеу қойды

   Бүгінде ең танымал мессенджерге айналан WhatsApp қолданушылары ендігі бір хабарламаны 5 реттен артық жібере алмайды. Бұл туралы Facebook (WhatsApp-тың иесі) компаниясының коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Виктория Гранд мәлімдеді, деп хабарлайдыStan.kz.

WhatsApp-тың коммуникациялар бөлімінің басқарушысы Карл Вугтың сөзінше, мұндай өзгерту 21 қаңтардан бастап енгізілді. Бастапқыда мессенджердегі өзгеріс Android қолданушыларына, артынша iOS қолданушыларына қолжетімді болады.
Айта кетсек, мұндай шектеу жарты жыл бұрын Үндістанда енгізілген еді. Себебі билік WhatsApp мессенджері арқылы жалған ақпарат көп таралатынын айтып айыптаған еді. Артынша компания тәжірибені сәтті деп тауып, оны бүкіл қолданушыларға таратуды жөн көрді.
28 қаңтар 2019 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031