» » Демография және мемлекет

Демография және мемлекет

 – Қаншама жылдар болды, қытайлар бір-ақ бала саясатын ұстанып келеді. Бірақ олар көбейіп жатыр, көбейіп жатыр. Қалай сонда? Ненің есебінен? Түсінсем бұйырмасын, – дейді ауруханадағы пациенттің бірі әңгіме арасында.
– Олар ешқашан соғыс көрмеген халық. Ешқандай елмен ашық соғыспаған. Жаулап алуға қандай ел келсе де, ләппай тақсыр деп беріле берген. Сөйтіп көбейген, – деді дәрігер жайбарақат.
– Біз жалаңаштанып жауға шауып жүріп те жақсы көбейіп едік, бірақ сталиндік қырғын-репрессия жылдарында 50 миллион, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы деген ат қойып, айдар таққан қырғын соғыста 50 миллион қазақ қырылды ғой. Содан тұралап қалдық. Қазір кем дегенде 50 миллион болатын халық едік әйтпесе, – деп әңгімеге бір емделуші араласты.
Бірер цифр артық-кеміне қарап, бірдеңе дегім келгенмен жалпы әңгіменің расы осы ғой, – деп үндемедім тарихшы болсам да әңгімеден сырт қалып, әрі мазам да болмай тұрған.
Осы кезге дейінгі ғылымның пайымынан өтіп, толыққанды дерек пен дәйектердің айғақ болатынындай, бір басы айқын нәрсе бар: ол мемлекет пен халық. Бір бірінен ажырағысыз бұл ұғымдар бір бірінің дамуына белгілі бір дәрежеде ықпал ете алады.
Белгілі бір аумаққа иелік етіп, халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаратын басқарудың жоғары дәрежеде ұйымдасқан бір түрі – мемлекет. Демография (грекше демос) – халық, оның саны, өсімі, жалпы алғанда, халықтың өсу не кему динамикасын қоғамдық тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін ғылым. Қандай да бір мемлекет үшін халықтың саны маңызды. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекет халықтың өсуіне мүдделі болу керек. Өйткені тарих парақтарынан белгілі, көп халық аз халықты жұтып жібереді. Әуелі тілін бұзады, сосын дінін дүбаралайды, ақыр соңында намысын немқұрайлылық жеңген ел ешкімнің күштеуінсіз-ақ өз өзін құрдымға батырып тынады. Қазіргі жаһандық мүдде жолында жан-жақты жанкештілікпен күнделікті бетпе бет ұшырасып жатқан мылтықсыз майдан даласында бізге қалқан бола алатын нәрсе, зобалаңнан құтқаруы мүмкін нәрсе ол – демография – халықтың өсімі ғана. Жан алқымға келгенде басқа ештеңе бізге көмектесе алмайды. Дәл қазір қазақтың көбеюінен басқа бізде мүдде болмау керек шындап келгенде. Халықтың көбеюіне мүдделілік дегеніміз – көбею үшін жағдай жасау, ынталандыру, жалпыхалықтық рахат сезімін тудыру, қуанту. Кешегі аптадан бергі еліміз бойынша әр жерде жан ашуына айналып жатқан көп балалы отбасылардың мәселесін естіген сайын ауруханадағы әңгіме ауық-ауық ойыма орала берді.
                                                                                                       Ж.САҒИДА
15 ақпан 2019 ж. 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031