» » ОН ЖЫЛДАН СОҢ ТАБЫСТАЛҒАН МЕДАЛЬ

ОН ЖЫЛДАН СОҢ ТАБЫСТАЛҒАН МЕДАЛЬ

  Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қайталанбас дарын, атақты әнші-композитор Батырхан Шүкеновке арналған «Ауған соғысының ардагері», «Кеңес Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 10 жылдығына орай» естелік медальдарды анасына табыс етті. Медальдар 10 жыл бұрын арнайы тапсырыспен әзірленген. Онымен әскери қызметкерлер ғана емес, соғыс шебінде қызмет еткен азамат­тар да марапатталған. Өткен ғасырдың 80-жылдары Батырхан Шүкенов жауынгерлердің рухын көтеру үшін концерттік ұжымымен Ауғанстанда өнер көрсеткен. Бірақ медальдар әншінің көзі тірісінде оның тығыз гастрольдік кестесіне байланысты табысталмай қалған. Осыған дейін естелік медальдар ұзақ жыл бойы Орталық мемлекеттік архивте сақталған. «Қазақконцерт» директоры Жеңіс Сейдоллаұлы Батырхан Шүкенов­тің Ауғанстандағы концерті туралы әңгімелеп берді. – 1983 жылы жауынгерлердің рухын көтеру мақсатында Ауғанс­тан­дағы ұрыс алаңында Болат Сыздықов, Роза Рымбаева, Бай­ғали Серкебаев, Батырханның оқ пен оқтың арасында концерт қойып келген кезін сөзбен айтып жеткізуге жүрек дауаламай­ды. «Жан түршіктірер соғыс даласында жүрек жұтқандар ғана концерт қояды. Аман келгенімізге шүкір» дейтін. Өзі алыстаған сайын өнері асқақтай береді, – деді Жеңіс Сейдоллаұлы. Ұлын ұмыт қалдырмағаны үшін әншінің анасы Диляра Шүкенова алғысын айтты. – Баламның жүрегі тоқтағаны­мен, халқымның жүрегімен бірге соғып тұрғанына ризашылығымды білдіремін. Батырым өлді деп ем, тірі екен. Бес күн жалған өмірге кім келіп, кім кетпеген. Балам өнерде мақсатына жеткенімен, өмірде бақытты болған жоқ. Ұлымның өнерін берсе де, өмірін ешкімге бермесін. Батырымның артында іздеуші халық барын көріп, көңілімді жұбаттым. Қызылордаға келген өнер адамдарының бәрі қара шаңыраққа арнайы келіп, ізет-құрметін көрсетіп жатады. Оның өз қолымен жазған нота­ла­рын, еңбек­терін музыкалық кол­ледж­ге табыс­та­дық. Өмірден өткелі балам­ның құрметіне көше атауын, ғимарат­тарға есімін берді. Тәубе деймін. Аста­наның төріне арнайы шақы­рып, еске алып жатқанына алғы­сым­ды білдіремін. Артында іздеу­шісі бар өнер адамы бақытты деп санаймын, – деді Диляра Шүкенова. Жиында «Қазақконцерттің» артистері Батырхан Шүкенов­тің әндерін жанды дауыста шырқады.
Майра БАҚЫТ

16 ақпан 2019 ж. 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031