» » ҚАЗАҚТІЛДІ КӘСІПКЕР ҚҰҚЫ ЕСКЕРІЛСЕ…

ҚАЗАҚТІЛДІ КӘСІПКЕР ҚҰҚЫ ЕСКЕРІЛСЕ…

  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры өткен жылдың ақпан айынан бастап сатып алудың жаңа үлгісімен жұмыс істеп келеді. Жаңа үлгінің арқасында былтырғы сатып алуларда 51 миллиард теңге үнемделіпті. Қордың 2018 жылғы тағы бір жаңалығы, елімізде жоқ өндірістерді ашуға кіріскен кәсіп­керлермен оффтейк-шарт жасауы. – 2018 жылы жаңа сатып алу моделі қолданысқа енгізілгеннен бері бәсекеге қабілетті сатып алулар бойынша үнем­делген қаржы 51 миллиард теңгені құрады. Бұл нәтижеге 2018 жылы қордың сатып алу жүйесін жетіл­діруге бағытталған жұ­мыстар арқасында қол жетті. Қордың са­тып алу жүйесін жетілдіру ба­ғы­тында хол­динг ішіндегі сатып алуларды қыс­қар­тып, нәти­же­сінде 22 миллиард теңге үнем­дедік, – деді «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры Қуат Қожахметов. Оның айтуынша, сатып алу­дың жаңа үлгісі қолданысқа енгелі бері жалпы құны 1 трил­лион теңгені құрайтын сатып алулар жарияланып, 24 мың әлеуетті жеткізуші тіркелген. Сатып алудың жаңа үлгісінің ерек­шелігі сол, цифрлық техно­ло­гияларды пайдалану және бар­лық сатып алу про­цесін то­лық автоматтан­ды­рыл­ды. Жаңа моде­ль тауар, жұмыс және қыз­мет түрле­рі­не сұранысты жос­­­парлаудан бастап са­тып алу­ды өткізу, келісім­шарттар жасасу және орындауға дейінгі толық циклды жүзеге асыратын элек­трондық сатып алу­дың толық­қанды ақпараттық жүйесінен тұрады. Сөз басында айтқанымыздай, қор был­тыр оффтейк-шарт жасау­ды бастады. – 2018 жылы KEGOK АҚ мен «Азия Трафо» ЖШС арасын­да, сондай-ақ «Қаз­трансойл» АҚ мен KMG Automation ЖШС арасында жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрайтын 2 пилоттық оффтейк-шартқа қол қойылды. Мұның арқасында 220 жаңа жұ­мыс орны құрылды және кә­сіп­орындар ұзақ мерзімді шарт­тармен қамтамасыз етіл­ді, – деді Қуат Қожахметов. Осы тұста түсінікті болу үшін айта кетсек, оффтейк-келісімшарт елімізде бұрын болмаған жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкін беретін шарт. Осы шарттың негізінде Қазақ­станда шығарылмайтын тауарларды отандық та­уар өн­ді­ру­шілер шығаруға ниет біл­дірсе, қор олармен ұзақмерзі­м­ді шарт­қа отырады. Қордың барлық сатып алу­лары элек­тронды форматта жүреді. «Самұрық-Қа­зына Кон­тракт» ЖШС бас директорының орынбасары Болат Жұмағалиев­тың ай­туынша, электронды сатып алу түрлі заң бұ­зу­шылықтың ал­дын алып, сатып алу­дағы айқын­­дықты қамтамасыз етеді. – Қараша айында жеткізушілер тара­пынан жасалған өтініштер негізінде электронды шартты енгіздік. Тәжірибе көрсеткендей, шартқа қол қоюға кететін 25 күн екі есе азайды. Тіпті бүгінгі таңда шартқа электронды қолтаңба арқы­лы бір күнде қол қоюға бола­ды, – дейді ол. Есте болса, биылдан бастап мемле­кет­тік сатып алуға қатыса­тын кәсіпкерлік ­субъ­ек­тілері goszakup.gov.kz порталын пай­­даланғаны үшін ақы төлеуге міндет­телді. Яғни, әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алулар веб-порталына әуелі тиісті шарт жасап, қызмет ақысы төленген соң ғана кіре алады. Ал «Самұрық-Қазынаның» сатып алулар­ына қатысу тегін қалпын­да қала бермек. Бұл туралы «Айқын­ның» сұрағына жауап берген Қуат Қожахметов мәлім­деді. Ол сатып алу платформа­сы­ның шығынын компания төлей­ті­нін жеткізді. Оның айтуынша, сатып алуға қатысушылар жауап­кер­шілігі жылдан-жылға артып келеді. Соның бір мысалы, соңғы жылдары сатып алудың «қара тізіміндегі» жеткізу­шілер саны азая бастаған. – Сенімсіз жеткізушілер саны азайып келеді. Себебі, бұл тізімге енгендер қор сатып алуларына қатыса алмайды, сон­дықтан олар сатып алу тәртібін бұзбауға тыры­­сады, – дейді. Айта кетейік, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап pko.skc.kz порталы қор­дың бірыңғай сатып алу платформасы – zakup.sk.kz сайтына көшірілді. Аталған плат­форманы ашып көрдік. Қа­зақ тіліндегі парақшасы қатеге толы. Порталдың қалай жұмыс істейтінін түсіндіретін бейне-нұс­қау да орысша «сөйлейді» екен. Баспасөз мәслихатында қор­дың сатып алу тәртібі сайты­мыз­да тәптіштеліп түсіндірілген дегені еске түсіп, «Самұрық-Қазына Кон­тракт» серіктестігінің ресми сайтын аш­тық. Ары іздеп, бері іздеп, сайттың қазақ тілдегі парағын таппадық. Себебі, жоқ. Барлық мәлімет, ақпарат орыс тілінде. Бұл қазақтілді бизнестің мемлекеттік тілде мәлімет алу құқын шектеу болып шықпай ма? Бұған аса таңғалмадық. Бас­па­сөз мәс­лихатында мемлекеттік тілде қойған сұ­ра­ғымызға орыс тілінде жауап берген­де-ақ ішіміз қылп ете қалған. Дайын мәтінді қазақша оқып берген компания қыз­мет­кері басқа сұрақтарға келгенде сөйлем құрай алмай сүрінді. Оларды қайдам, қарап отырып біз ұялдық. Содан амал жоқ, БАҚ-қа таратылатын баспа­сөз парағының мемлекеттік тіл­де­гі нұсқасын сұрадық. Өті­ні­ші­міз яки талабымыз төрт жа­рым сағаттан кейін ғана орындалды. Атауының өзі мемлекеттік тілде жазылмаған «Самұрық-Қазына Контракты­ның» үсті­нен мемле­кет­тік тілде ақпар алу құқығым­ды шектеді деп шағымдану артық па деп қалдық. Тек бір кеңес бере кетсек деген ойға келдік: әлгі сатып алудан үнемделген миллиардтардың бір бөлігін мемлекеттік тілді білетін кадр тартуға жұмсаса… Әйтпесе, «Самұрық-Қазына Контрак­тыға» келген сайын мемлекеттік тілі орыс тілі саналатын елдің ме­ке­месі ме деп қала беретін болдық…
Халима БҰҚАРҚЫЗЫ

16 ақпан 2019 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031