» » ЖЕР ЖАҺАНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ

ЖЕР ЖАҺАНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ

   Жалпы әлемде жастар саясатына арналған ортақ принцип жоқ. Тек 1998 жылы қабылданған Лисбон Декларациясы бар. Ал 2014 жылы Бірінші Ғаламдық Жастар саясаты Форумы болды.
Негізінен ғылым жастарды бірнеше буынға бөліп қарастырады. Біріншісі, Baby bum буыны. Бұлар – 1943-1963 жыл аралығында туған буын. Бұларды негізгі құндылығы коллективизм, командалық рух, көпшіл.   Келесісі, Х буыны.1963-1983 жылдарда туғандар. Өзгеруге дайын, әлемдік ақпараттарға қол жеткізе алатын, өзіне сенімді ұрпақ. Бұл буынды ғалымдар «жалғыздар буыны» деп те атайды. Индивидуалды жетістікке жетуге ұмтылған және еңбек етуге епті жастар. Одан кейінгісі, Y буыны. 1983-2003 жылдар аралығында туған буын, ақпарат тасқынындағы ұрпақ. Ең жиі талқыланатын буын ол – Z. Себебі бұл толқынның тұсында, яғни қазір, технология көз ілеспес жылдамдықпен дамуда онымен қоса уақыт та зымырауда. Жоғары технологияны белсенді қолданатын, нағыз digital native-тер. Технология бұл буынның өмір сүру желісін өзгертіп қана қойған жоқ, жаңа сенімдер мен ұмтылыстар пайда болды. Бұл буынның жастары эгоцентристі, яғни өзімшіл, индивидуалистер. Next, яғни келесі деп аталатын буын 2023-24 жылдарға тиесілі.
Болашақты болжамай-ақ қоялық, бүгінгі буын яғни Z-тің ахуалын аз-кем айтайық. Жасанды интеллект және төртінші индустриялық революциямен жағаласып туған осы жастардың құндылықтары қандай? Олар әлемдік еңбек нарығында өзара және жасанды интеллектпен қалай бәсекелеседі? Жалпы әлемде 1,8 миллиард жас адам бар екен. Олардың 90 пайызға жуығы халқы көп дамушы елдерде өмір сүреді. БҰҰ 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму туралы іс-жоспар жасаған. 24 жастан асқан жастар көптеген дамыған мемлекеттердің 70 пайызын құрайды. Жалпы әлем бойынша 1 миллиард жас кедейшілікте өмір сүреді екен. Әлем ғалымдары көптеген елдерде жастар саясатына
қатысты заң болғанмен олардың мәселесін шешу үшін бұл жеткіліксіз дейді. Проблеманы азайтудың бірден бір жолы – нақты іс-қимыл жоспарын жасап, қаржы бөлу.
БҰҰ Бас Ассамблеясы ұлттық жастар саясатына қатысты негізгі процесстерді былай сипаттайды. Олар: білім мен оқу; ауыл шаруашылығы мен ауылдық жерлерді дамыту; денсаулық және алғашқы медициналық көмек әріптестік; коммерциялық және өндірістік дамыту; ұлттық өнерді дамыту; ғылым мен технология, т.б. Осы форумда айтылғандай, 198 елдің 122-сінде ұлттық жастар саясаты бар. Бұл 2013 жылға қарағанда 50 пайызға артқан. Қосымша 37 ел жастар саясаты туралы ережелерін дамытып жатыр немесе бұрынғы бағдарламаны қайта өңдеп-түзеу үстінде. Ал 31 елде мемлекеттік жастар саясаты мүлде жоқ.  Бұл сандар көрсетіп отырғандай, арнайы заңнамалар мен саясат жастар проблемалары мен талаптарына жауап беру керек. БҰҰ Жастардың іс-қимылы Әлемдік Бағдарламасы (WPAY) 1996 жылы қабылданып, 2007 жылы оған түзету енгізілді. Онда жастардың жұмыссыздығы, кедейшілік, демалысы, қатысуы, ВИЧ/СПИД, қыздар мен жас келіншектер және қарулы қақтығыстар мәселелері қамтылған.
Кей елдер жастардың саяси белсенділігін арттыру арқылы демократия талаптарын орындауды көздеп отыр. Мәселен, Швеция 2014 жылы қабылданған мемлекеттік Жастар туралы заңында жастар ұйымдары аталған заң аясында бақылану керек деді. Аталған азаматтық
ұйымдар жастар проблемаларының пікір орталығы, жастар арасындағы диалог ролін атқару керек. Ботсвана елінің Жастар, спорт және мәдениет министрі ұлттық жастар саясаты туралы 12 стратегиялық бағытты қамтитын заңнаманы қабылдаған. Үкімет шеңберінде жастар саясаты арнайы агенттіктердің жетекшілігімен жүзеге асады. Дания – жастар саясаты туралы арнайы құжаты жоқ бірден бір ел. Жастар саясаты туралы мақалада (2008) ел үкіметі арнайы агенттіктері арқылы әр сектордың жастар мәселесіне деген жауапкершілігін қадағалап және жүзеге асырып отырады. Эквадорда жастар заңы (2011) мен жастар саясаты (2012) Конституциясы арқылы жастардың құқығына кепілдік береді (2008). Бұл мықты құқықтық қорғаныс арқылы жастар мәселесі жан-жақты қорғалады. Қырғызстан Жастар саясаты бағдарламасы (2012) арқылы жастар саясаты, заңы, реттеулер мен концептуальді құжаттарды дамытуда. Көптеген жастар белгілі қозғалыстарға тартылды. Аталған бағдарлама көрсеткендей, оны жүзеге асыратын эффектілі механизм болмаған жерде жастар саясатында толыққанды жұмыс жасалмай, жастар саясаты айтылған күйінде қалғанын көрсетті.
Қазақстандағы Жастар саясаты біршама жақсы жүргізіліп жатыр. Мысалы, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаудың өзі биліктің әлемдік демократиялық құндылықтар туралы ақпаратқа қол жеткізіп отырған, ағылшын тілін біршама еркін меңгерген төменгі буынға көңіл бұрудың қажеттілігін түсінгеннен кейін туған қадамы. Дегенмен Қазақстандағы жастардың да жұмыссыздығын, білім алу сапасының төмендегенін жасыруға болмайды.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Бақтияр Мәкен бізге берген сұхбатында: «Қазақстандағы жастардың жұмыссыздық, тұрғын үй және білім алу мәселесі – осылардың бәрін әрі қарай модернизация процесіне үйлестіру керек. Әсіресе ауылдық жерлердегі жас балалардың мәселесін шешу аса маңызды. Көптеген бағдарламалардың ауылдық жерлердегі тиімділігі қалай? Басқа да мәселелер бар, соны ақпараттандыру өзекті деп санаймын», – дейді.
Жастар дегенде әлемдік тенденцияға айналған «Америка асу» мәселесін айтпасқа болмайды. Жер шарының ақылды да білімді жастарын АҚШ шаңсорғышша тартып жатыр. Алпауыт елдегі бренд компанияларда әсіресе азиялық талантты жастарға сұраныс жоғары. Себебі, азиялық жастар кітапты көбірек оқиды, сондықтан абстрактілі ойлау қабілеттері терең. Ал дәл осы қасиет жоғары технологияда жаңа нәрселер ойлап табуға аса қажет. Оның арасында қазақ жастары да бар. Осы Азияфобиядан тіпті фильм де түсірілді: «Crazy», «Rich Azians», яғни, «Әумесер», «Бай азиялықтар». Осы фильмнің негізгі идеясы да сол мұхиттың арғы жағындағы Селикон алқабын азиялық жас таланттардың жаулап алуымен байланысты.
Ғаламдық Жастар Ассамблеясының мәліметінше, әсіресе, дамушы елдердің жастары ғаламдық экономикадан маргиналды болып бөлініп қалған. Олар ғаламдастыру ұсынған білім мен ғылым мүмкіндіктеріне қол жеткізе алмай отыр. Оған себеп білім стандарттарының озық елдердегіден төмен болуы, шектеулі тәжірибе, кедейшілік немесе қарапайым ғана ақпаратқа қол жетімсіздік. Біздің еліміз де осы көкейтесті мәселені шешпесе, еліміздің дамыған отыз елдің қатарына қосыламыз деген мақсаты тек иллюзия күйінде қала бермек.
Нұрбек Шынтемірұлы,
Астана
                                  
22 ақпан 2019 ж. 1 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031