» » Мәдина Әбілқасымова: Жәрдемақыны көтереміз

Мәдина Әбілқасымова: Жәрдемақыны көтереміз

  Жәрдемақыны көтереміз. Еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова осылай деп мәлімдеді. Десе де жәрдемақының мөлшері қай уақыттан бастап ұлғайтылатыны  белгісіз. Сондай-ақ, министр бүгінгі таңда түрлі ұсыныстар талқыланып жатқанын жеткізді.  Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, әр отбасының қажеттілігі жекелей қарастырылып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, бүгінде сырқаты болса емделуге, тұрмыстық мұқтаждықты шешуге, білім алуға жеңілдік жасауға бағытталған бағдарламалар талқыланып жатыр.
«Сан түрлі ұсыныстарды қарастырып, талдап жатырмыз. Бейсенбіден кейін қандай да бір нәтиже белгілі болады», – дейді Мәдина Әбілқасымова.
19 ақпан 2019 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031