» » ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ұятқа қалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ұятқа қалды

«Шаршаған» Тамара Дүйсенованың орнына келген су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова қазақша сауалдарға жауап бере алмай, тілшілерден қашып кетті.

Алғашқы сұхбатында-ақ қазақшасы үш сөйлемнен соң бітіп қалған шенеунік, ана тілімді аз күнде үйренемін деп саспады. Бірақ, Үкіметтің алғашқы отырысына қатысқан күннен лауазымды шендінің қарқыны қатты. Экс-министр Тамара Дүйсенованың қателіктерін қайталамаймын, жұмыссыздар мәселесін аз уақытта шешемін деп отыр, деп хабарлайды 31 арна.
Өткен аптадағы отырыста президенттен тек ескерту алып, жылы орындарында қалғаннан кейін бе Үкімет мүшелерінің көңіл күйлері жақсы. Қызметімен қоштасқан жалғыз шенді Тамара Дүйсенованың орнын басқан су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова тіптен көңілді. Шенеуніктің мәз болатындай жөні бар секілді. Премьерге экс-министр 5 жыл шеше алмай президенттен сөз естіген жұмыссыздар мәселесін аз уақытта реттеймін деп баяндады. Ол үшін заңға өзгеріс енгізіп, өзін өзі белгісіз жұмыспен қамтып жүрген 3 миллион азаматты ресми тіркеп, оларға мемлекетке салық төлетпек.
“Бізде шамамен 2-3 миллион өзін өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген адам бар. Олар ешқандай салық төлемейді, зейнетақы қорына қаржы аударылмайды. Міндетті сақтандыру қорына да қатыса алмайды. Біз осыны реттеу үшін жаңа заң әзірлеп жатырмыз”, – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Министр болғанына бар-жоғы төрт күн өткен Мәдина Әбілқасымова қайтарылған міндетті сақтандыру жобасын да реттеймін деп қарқынды. Қарағандыдағы кеншілер мен Астанадағы Әбу Дабидегі еңбек дауларын шешудің жаңа ережелерін бекітуді де ұсынды. Үкіметте осының бәрін тек орысша баяндап шыққан Мәдина Ерасылқызы тілшілердің мемлекеттік тілде қойған сауалдарына жауап бергісі келмей, қазақша сөйлем құрай алмай қиналды. Ана тіліңізді қашан үйренесіз деген сауалға мүдірген министрдің орнына хатшысы жауап беріп, басшысын жетектеп алып кетті.
“Дайындалып қазақ тілінде сұхбат беремін. Үш төрт айдың көлемінде”, – дейді министр.
14 ақпан 2018 ж. 1 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031