Қазақстандықтар cмартфон аларда неге мән береді?

2. IPX қорғаныс деңгейі. Смарфондардың қорғаныс деңгейін IPX стандартына сәйкес оның су мен шаңға төзімділігін анықтауға болады. Қорғаныс деңгейін Халықаралық электротехникалық комиссия анықтайды. IP-ден кейінгі алғашқы сан құрылғының қатты заттардан қаншалықты қорғанғанын көрсетеді. 0 — қорғалмаған, 6 — толықтай қорғалған. Екінші саннан суға қаншалықты төзімді екенін байқауға болады.
3. Қуаттау жылдамдығы. Телефонын тек кешкісін не түндей қуаттайтындар үшін бұл маңызды емес. Ал үнемі қозғалыста жүретіндер үшін смартфонның тез қуатталып әрі үнемдейтіні қажет. Қуаттау жылдамдығы тек смартфонға ғана емес, қуаттағыш құрылғыға да байланысты. Дегенмен смартфоныңыз сымсыз қуатталатын болса, тіпті, керемет.
4. Нейронды процессор. Өткен жылы өндірушілер смартфондарға жасанды сана жүйесін орнатып бастады. Олардың жұмысы нейронны процессор қадағалайды. Нейронды процессорлар фотодағы затты анықтап, фотоның сапасын арттыру үшін қажетті параметрге байланысты сұрыптайды. Сондай-ақ, дауыс арқылы тану және қосымша деректерді өңдеу осы нейронды процессорға тікелей байланысты. Барлық қымбат смартфонда жасанды интеллект орнатылған. Мысалы, Apple смартфондарында Neural Engine жасанды санасы бар.
5. HDR қолдауы. HDR технологиясы экрандағы түстердің қанықтығына жауапты. Бұл арқылы смартфондағы ең ашық және күңгірт түстерді анықтап қарай аласыз. Қазір бұл технологияның бірнеше түрі бар. Ең танымалы - HDR10 технологиясы. HDR10 ашық саясат ұстанады, сол себепті қолжетімді. Dolby Vision HDR10 технологиясынан әлдеқайда мықты болғанымен, лицензияны талап еткендіктен аса сұраныста емес.
Толығырақ: Massaget.kz