» » Қызылордада атыстан зардап шеккен жігіт көз жұмды

Қызылордада атыстан зардап шеккен жігіт көз жұмды

 Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Дереу қабылдау бөлімінен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Сол мезетте "іш қуысына оқ тереңдеп тиген, ішкі ағзалары зақымдалуы, 4 дəрежелі геморрагиялық шок" деген диагноз қойылды. Науқасқа шұғыл ота жасалды. Алайда, көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан жарақаттанған азамат 27 наурыздың кешінде көз жұмды",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Қызылордада жергілікті уақытпен сағат 14.50 шамасында Әйтеке би көшесінде жастар арасында қақтығыс болған. Нәтижесінде 1 адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев мәлімдеген болатын.
"ҚІІБ кезекші бөліміне Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында бұзақылық болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекеті анықталды. Нәтижесінде қаланың 1 тұрғыны дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа (ОМО) жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабы, 3-бөлігі, "бұзақылық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда, күдіктілер, бұзақылық әрекеттің мүшелері ҚІІБ жеткізілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланыстыолар туралы мәліметтер жария етілмейді", - деді брифинг барысында ОІІД бастығының орынбасары Анарбаев.

28 наурыз 2018 ж. 1 035 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031