SENIŃ ÝAQYTYŃ

  Дүйсенбі күні аймақта жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне байланысты бірқатар шара өтті. Ең бірінші "Евразия" спорт кешенінде сағат 10.00-ден бастап, кешкі 17.00-ге дейін өңір жастарына кеңес беруге арналған ашық есік күні болды. Онда 33 мекеме 150-ге жуық бос жұмыс орынын ұсынып, 13 оқу орны кәсіби бағдар берді. Жастардың баспана мәселесі бойынша "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" мамандары "Орда" және "7-20-25" бағдарламалары аясында ақпарат таратты. Ал кәсіппен айналысамын деген жастар Қызылорда "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлікті қолдау палатасы мен "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорының кеңесіне жүгінді. Әркім өзі қалаған сала білгірлеріне көкейдегі сауалдарын қойды.
Содан соң Студенттер сарайында "Сенің уақытың" атты кездесу жиыны болды. Онда аймақтағы белсенді жастар жиналып, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовке бірқатар ұсыныс айтты. Аралдағы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әлібек Ізбасаров жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы ұсынысын білдірді. "Естуімше, 2014-2015 жылдары Қызылордада «Жас отбасыларға баспана» бағдарламасымен жас отбасыларға Сұлтан Бейбарыс көшесінен және Титов қыстағынан 450 үй берілген. Үйді алудың басты ерекшелігі – алғашқы жарнаны жас отбасы алатын үйінде тұрып жинайды. Әркімнің үйін арендаға алып, ақшаны жеке адамдарға төлегеннен, 1 жыл жаңа үйде тұрып, жарнапұл жинағанның тиімділігі айтпаса да белгілі. 1 жылдан кейін қажетті жарна құны жиналады да, жас отбасы мүшелері ипотекалық несиеге құжатын тапсырып, үй алады. Жас отбасыларды баспаналы еткен осы бағдарлама Жастар жылы аясында қайта жаңғырса деген ұсынысым бар" – деді жас маман. Ал Қармақшыдағы Жастар ресурстық орталығының директоры Әділ Ибрахим ауылшаруашылығын дамыту бағытында ауданда қолға алынған "Бизнес періште" жобасын таныстырды. Жоба аясында жас егіншілерге егін егуге дайындалған жалпы көлемі 5 га жер беріліп, қауын-қарбыз өнімдерінің кей түрі патенттелетін болады. Қазалы ауданының жас кәсіпкері Марxабат Асанова облыс көлемінде соңғы уақытта ақсап тұрған "Қолөнер мектебін" ашып, қолөнерді қайта жаңғырту керектігін жеткізді. Жалағаштан келген Жақсылық Елубай жастар денсаулығын сақтауда, аурулардың алдын алуда профилактикалық жұмыстың маңыздылығын және ауыл жастарының сапалы медициналық көмекке қол жетімділігі қиындық туғызатынын ескере отырып, ауылдарға "Жылжымалы медициналық көмек" (автопоезд) жіберуді ұсынды. Ал Қармақшы ауданының тумасы Нұрлыбек дәстүрге айналған "Жақаев ізбасарлары" еңбек лагерінің уақытын 1 аптаға созуын сұрады. Бұл өз кезегінде ауылға және ауыл жастарына көңіл бөлуге ықпал ететін болады деп есептейді жас егінші. Сүлеймен Демирель атындағы университеттің 4-курс студенті Бағлан Төлебай жастарға мамандық таңдауда жиі түсіндірме жұмыстары жүргізілсе деген пікірін білдірді. Осы ұсыныстан кейін әкім орынбасары  «Зытып келем, зытып келем, артыма қарай-қарай зытам» деп басталатын кімнің шығармасы деп бәрімізге сауал қойды. Біразы абдырап қалды. Сол арада облыстық Сыр бойы газетінің тілшісі Айдана Жұмадинова бұл Ғабит Мүсіреповтың әйгілі «Қазақ солдаты» романыннан үзінді екенін айтты. Осы туындыны мысалға алған Р.Рүстемов шығармадағы оқиға желісін жеткізе келіп, қандай салада болмасын өз ісінің шебері болу үшін балаға мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ұстаздар мен ата-ана бағыт бағдар беру керектігі жөнінде сөз қозғады. Міне осылайша еркін форматта өткен кездесуде жастар еркін әңгімелесіп, өз ойларын ортаға салды. Р.Рүстемұлы да сөзден тосылмай, тың идеялары бар жастарға көмек көрсетіліп, бастамаларына қолдау білдіретінін айтты. Шара соңында облыс әкімінің орынбастары тиісті сала басшыларына айтылған ұсыныс-пікірлерлерге байланысты бірқатар жұмыстар тапсырды.
Сонымен қатар, жастарға "Мұз айдынында" тегін сырғанау мүмкіндігі беріліп, кешкілік "Евразия" спорт кешенінде жанды дауыста сыр өнерпаздарының мерекелік концерті өткізілді.
Ақтілек БІТІМБАЙ
28 ақпан 2019 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031