» » АКЦИЯ САТЫП АЛУ: ҚАШАН, ҚАЙ ЖЕРДЕ, ҚАЛАЙ?

АКЦИЯ САТЫП АЛУ: ҚАШАН, ҚАЙ ЖЕРДЕ, ҚАЛАЙ?

Нарықтық заманда табыс табудың түрлі жолдары пайда болды. Мысалы, соңғы жылдары акциямен айналысушылар саны күрт көбейген. Қарапайым халық үшін таптырмайтын табыс көзі болып есептелген бұл қызмет бізде қаншалықты дамыған? Жалпы акция ұғымы Сыр жұртшылығына қаншалықты таныс деген сауалдарға "Казпошта" АҚ облыстық филиалында қызмет атқаратын Нұржан Елемес жауап береді.

– Нұржан Нұрланұлы акция ұғымын түсіндіріп берсеңіз және оның тиімділігі қандай?

– Акция – бизнестегі табыстың белгілі бір мөлшерін алып отыруға мүмкіндік беретін құнды қағаз. Бағасы тұрақты болмайды, олар әрқашан өзгеріп отырады. Акция сатып алу сізді табысты адам етуі мүмкін. Мысалы, сіз акцияны 100 теңгеден сатып алсаңыз. Оның бағасы 100$ немесе одан көп өсуі және керісінше төмендеп кетуі де бек мүмкін. Әрине акциядан түсетін табыс бұл емес. Сіз акция иесі болғандықтан жылына бір немесе қосымша түскен табыстың бір бөлігін акцияңыздың көлеміне байланысты алып отырасыз. Бұл қызметтен түсетін табыс дивидент деп аталады. Акцияның тиімділігі осында. Елімізде халықтық IPO бағдарламасы акция сатып алуға керемет мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан бұдан құр қалмауға шақырамын.
– Жалпы қызылордалықтардың акциямен айналысу белсенділігі қандай?
– Шыны керек, өзге облыстарға қарағанда төмендеу.  Акциямен айналысушылар арасында жастар жоқтың қасы. Бұл тақырып Сыр жастарын алаңдатпайды. Неге төмен деген сауал туындауы мүмкін. Жалпы біздегі халықтың санасында қорқыныш басым. Акция сатып алып, құрдымға кетем деген көзқарас қалыптасқан секілді. Бұлай ойлауының да себебі бар. Белгілі экономист Григорий Марченко бір сөзінде "акциялардың бір кездері қымбаттап, бір кездері бағасын түсіретінін" еске салып, мұның өзі тәуекелі мол қадам дегендей пікірімен бұқараны бір түңілдіріп тастады. Көбісі осы пікірді алға тартып, қатысудан бас тартып жатады. Дегенмен маман ретінде бұл пікірді қолдамаймын. Өйткені тәжірибемде акциядан құлдыраған адамды көрген емеспін. Қысқасы, қарапайым тілмен жеткізер болсам, бір сиырың екеу болады. Тіпті одан да көбейеді. Қызылордадағы айналысушылардың басым бөлігі зейнеткерлер.
– Акцияны сатып алу жолын айта кетсеңіз...
– Ең алдымен  брокерлік компания таңдаңыз. Брокер сізге акция сатып алып беруші тұлға. Брокерсіз физикалық тұлғалар биржа саудасына қатыса алмайды. Ол акция саудасындағы сіздің басты нұсқаушыңыз болады. Лицензиясының болуына, нарықтағы жұмыс тәжірибесіне және компания көлемі мен қызмет үшін алатын тарифке мән беріңіз. Брокермен келісім-шартқа отырыңыз. Облыс орталықтарындағы инвесторлар акцияны "Қазпошта" арқылы сатып ала алады. Брокердің орталық депозиатриядағы клиенттік есепшотына қаржы аударыңыз, осы қаржыға сіз құнды қағаздар сатып аласыз. Брокерге акция сатып алу туралы тапсырма беріңіз. Бұл жерде енді сіз нұсқаушыға айналасыз. Қандай компанияның акциясын сатып алу туралы тек сіз шешім қабылдайсыз. Сондықтан осының алдында жан-жақты ақпаратқа қанық болғаныңыз жөн.
Әңгімелескен
Ерасыл ШӘРІБЕК
28 ақпан 2019 ж. 1 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031