» » Жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамал

Тоқты
Жан дүниеңіздің бір қалыпқа келіп, күш-қуатыңыздың асып-тасатын кезі. Қоғамдық өмірде белсенділігіңіз артпақ. Сіздің сұлулығыңызға тамсанатын адамдар саны артып, жаңа кездесудің бастамасына қолайлы уақыт болмақ.
Торпақ
Осы уақытқа дейін істеген жұмыстың жемісін көретін уақыт жеткен сынайлы. Қаржылық жағдайыңызды онтайландыратын сәт келді. Белең алып жатқан оқиғалар сізге сенімділік ұялатады. Жұмыс деп жүріп денсаулығыңызға да көңіл бөлуді естен шығармаған абзал.
Егіз
Алға қойған мақсатқа жету үшін қолдан келгенді жасаудан аянып қалмаған жөн. Ол үшін қарсыластарыңызбен қоса жаман пиғылды адамдармен де күресуге тура келеді. Десе де бәрі сіздің ұпайыңызға жазылады.
Шаян
Аптада ойланып, толғанатын жұмыстар көп. Логикалық ойлаудың жетпейтінін біліп, ішкі түйсігіңізге де жүгінуіңіз мүмкін. Жеке өміріңізде де елеулі өзгеріс орын алады. Ол адамды сіздің сыртқы келбетіңізден бөлек, зерделігіңіз де қызықтырады.
Арыстан
Жақындардың қамын ойлаумен боласыз. Қоғамдық өмірге деген қызығушылығыңыз артып, саяси шараға белсене араласасыз. Сіздің таныстардың арасында беделді азаматтар пайда болады.
Бикеш
Өміріңізге өзгеріс енгізуге тиімді уақыт болмақ. Көкейдегі ойыңызды белді адамдарға жеткізіп, олардың қызығушылығын тудырасыз. Алайда жақындардың пікірін білуді естен шығармаған жөн.
Таразы
Бастаған ісіңізді аяғына дейін жеткізуге тырысыңыз. Қуанышыңызға орай сізді беделді адамдар қолдауға дайын. Тіпті жеке өміріңізге өзгерістер енуі мүмкін. Одан қорықпаңыз, бәрі сәтімен болмақ. Алғашқы жетістіктен кейін өзіңізге деген сенім арта түседі.
Сарышаян
Шығармашылығыңыздың артуына қолайлы кезең. Осы салаға көп көңіл бөлу керек екенін де естен шығармаңыз. Жеңісіңізбен адамдардың қызығушылығын тудырып, беделіңіз артады. Сүйіктіңізден тосын сый күтіңіз.
Мерген
Қиялыңызға ерік беріп, бастамаңыздың жемісті боларына күмәнданбаған абзал. Іскерлік көңіл күйіңіз өте жоғары болмақ. Қолға алған жобаларыңыз сәтті өтуімен қарсыластарыңызды шаң қаптырып кетуіңіз ықтимал.
Тауешкі
"Андамай сөйлеген ауырмай өледі" демекші, өзіңіз тауып алған қиындықпен күресуге тура келеді. Ішкі жан дүниеңіздің мықтылығының арқасында айналаңызда белең алған оқиғаларды жеңесіз. Қиындықтан қорықпасаңыз жеңістің көк туы желбірей бермеді.
Суқұйғыш
Апта барынша қызықты әрі сәтті өтеді. Айналаңызда болып жатқан оқиғаға шын көңілмен қызығушылық білдіріп, қоғамдық өмірде белсенді боласыз. Қызметіңіз де жоғарылауы мүмкін.
Балық
Қызықты жаңалық өміріңіздің шырайын аша түсуі ықтимаң. Белен алатын оқиғалар сіздің бастамаңыз арқылы өрбиді. Қолыңыздан келетің істі жетілдіріп, өміріңізге өзгеріс енгізуге ұмтылыңыз. Жан тебірентерлік әсер мен қайталанбас оқиғалар күтіп тұрғанын естен шығармаған
28 ақпан 2019 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031