» » Қазалыда 100-ден аса отбасыға көмек көрсетілді

Қазалыда 100-ден аса отбасыға көмек көрсетілді

   Қазалы ауданында Алғыс айту күніне орай «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Барлық мекеме басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер көп балалы, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу мақсатында Жанқожа батыр атындағы орталық мешітке жиналды. Шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, тұрғындарды Алғыс айту күнімен құттықтап, сауабы мол игі іске атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.
Аудан басшысы «Бүгінгі ұйымдастырылып отырған қайырымдылық акциясы елдігіміздің көрінісі. Өткен жылдың жылдың өзінде аудан бойынша  3770  адамға қайырымдылық көмегі көрсетілді. Мұндай жұмыстар биыл да жалғасып жатыр. Қазір біз көмекке мұқтаж отбасылардың санын нақтылап алдық. Бірінші кезекте, көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға назар аудардық. Өздеріңіз білетіндей, біз ертеден-ақ көмекке мұқтаж адамға қолдау көрсетіп, қайырымдылық жасаған, жетімі мен жесірін жылатпаған халықпыз. Қазір де ата-баба дәстүрінен танбай, аудан көлеміндегі тұрмысы төмен отбасыларға, жетім-жесірлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ел-халық тарапынан қайырымдылық көмектер көрсетіліп келеді» - деді өз сөзінде.
Мерейлі мереке қарсаңындағы қайырымдылық акциясында 100-ден аса отбасыға 2 млн теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді. Өз кезегінде жиналған қауым ел ағаларына ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 наурыз 2019 ж. 787 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031