» » Қызылорда облысы соттарында Алғыс айту күні қайырымдылық акциялары өткізілді

Қызылорда облысы соттарында Алғыс айту күні қайырымдылық акциялары өткізілді

  Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Алғыс айту күні» қарсаңында Қызылорда қаласындағы «Ана үйі» Қоғамдық қорында болып, қайырымдылық көмегін жасады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Қоғамдық қордың Қызылорда қаласындағы координаторы Дина Жүсіпбаева сот ұжымының  жұмыстарына табыс тілеп, алғысын білдірді.
Сонымен бірге, Сырдария аудандық сотының ұжымы көп балалы ана Қ.Акимжанованы азық-түлікпен қамтамасыз етіп көмек көрсетті. Қ.Акимжанова сот саласында 1999 - 2015 жылдар аралығында іс тіркеушіден бастап, жетекші маман, бас маман қызметтерін атқарған. Бүгінгі күні жалғыз басты ана өзі 5 ұлды тарбиелеп өсіруде. Өз кезегінде көп балалы ана Қ.Акимжанова сот ұжымының қамқорлығына ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында болып, алғыс айту мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық жарқын болашақ тіледі.

01 наурыз 2019 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031