» » Бензин бағасы өзгерді

Бензин бағасы өзгерді

   Ranking.kz мамандары мұнай шығару мен жанармай өндірісі динамикасын сараптап, бензин бағасының өсуін және төмендеуін есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Мамандардың мәліметінше, қаңтарда Қазақстанда мұнай өндірісі де, жанармай шығару да өскен. Мұнай өнімдерінің, әсіресе дизель отынының бағасы өскен. Қысқы дизель отыны бір жыл ішінде 26,2 пайызға, бір литрі 268 теңгеге дейін қымбаттады. Ал жазғы дизель отынының бағасы 21,9 пайызға, литрі 193 теңгеге дейін өсті. АИ-98 маркалы бензиннің бағасы да бір пайызға, 191 теңгеге дейін өсті. Алайда АИ-95/96 және АИ-92 бағалары керісінше, 2,1 пайызға (174 теңгеге дейін) және 4,6 пайызға (152 теңгеге дейін) қысқарды. Елімізде қаңтар айында өндірілген мұнай көлемі, газ конденсатын қоса алғанда, сегіз миллион тонна болды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда өндіріс көлемі 5,4 пайызға немесе 409,2 мың тоннаға өсті. Газ конденсатын өндіру көлемі 5,2 пайызға, 1,1 миллион тоннаға дейін төмендеді. Мұнай өндірудің өсуімен отын өндірісі де артты: бензин - жылына 31,5 пайызға, дизель отыны - 10,6 пайызға.
05 наурыз 2019 ж. 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031