» » «Батыр аналарға» сыйлықтар табысталды

«Батыр аналарға» сыйлықтар табысталды

   Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 45,7 пайызы нәзік жандылар.
Ал, олардың қатарында 13 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері қызмет етуде.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимовтың «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні»қарсаңында «Батыр аналарды»мерекелік қабылдауы барысында белгілі болды.
Облыстағы 3603 мемлекеттік қызметшінің 1645-і әйел азаматшалар. Олардың 733-і жергілікті атқарушы органдарда, ал, 912-і орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етеді.
«Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметте басшы лауазымда 324 әйел жұмыс жасайды.Олардың арасында, 3 департамент басшысы, 4 басқарма басшысы, 6 ауыл әкімі бар. Басқалары түрлі деңгейдегі, яғни, қалалық, аудандық дербес басқарма және бөлім басшысы қызметін атқаруда. Бүгінгі шараға, жауапкершілігі мол мемлекеттік қызметте ер азаматтармен қатар жұмыс жасап келе жатқан «Батыр аналарды» шақырып, құрмет көрсетіп отырмыз. Мемлекеттік қызметпен бірге, ел демографиясына үлес қосып келе жатқан аналарымызға алғысымды білдіремін», - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.
Шара барысында Батыр аналарға құрмет көрсетіліп, балаларға сыйлықтар табысталды.
06 наурыз 2019 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031