» » Қарлығаш пен домофон

Қарлығаш пен домофон

   Көп қабатты үйде тұрамыз. Дарияның жағасындағы жаңа үйлер. Енді ғана бой көтеріп жатқан сол жағалаудан ескен самал, таза ауаның әсері ме, қаланың ортасына қарағанда құстар өте көп сияқты көрінеді. Әсіресе қарлығаштар жиі ұшырасады.
Осы қарлығаштың бірі біздің үйдің кіреберісіне ұя салды. Есік ашық. Қарлығаштар ашық болса – есіктен, есік ашық болмаса кіреберіс терезесінен кіріп, ұядағы балапандарына қорек таситын. Қай күні ауланың тұқымы жайылғыр жүгірмектері құстың ұясын ұзын сырықпен жартылай құлатып түсіріпті. Балапан жерде шырылдап қалды. Ұяға жылан тигендей құстың шырылдағанын естісеңіз, енді кісінің денесі түршігеді. Айтары жоқ. Ересектер қайта құрағандай болып, балапанды орнына салдық. Құсқа обал болды. Балаларымыздың қарлығашты осы шырылдатқаны аздай, жаздың аяғына қарай енді ересектер жиналып, кіреберіске домофон орнаттық та, есікті тарс бекіттік. Күзге салым кіреберіске жөндеу жұмыстары жүргізілді де, ұя да тып-типыл болды, құсты да ұмыттық. Келер көктемде қайта айналып келген қарлығаш түгіл шыбынның өзі кіре алмас. Терезе де тарс бекіді. Құстың шырылы тұрмақ шыбынның ызыңы әрең естіледі. Құс байғұстың былтыр біздің үйді айналсоқтағаны бекер емес екен, айнала орналасқан бес үйдің ішінде біздің подьезд ғана кіреберісіне ең соңғы болып домофон орнатқан екен ғой. Сөйтіп сандық технология бізді табиғаттан еріксіз алыстатып барады.
                                                                                              Ж.САҒИДА
07 наурыз 2019 ж. 1 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031