Kimberly-Clark

1920 жылы компания әйелдерге арналған Kotex шығарды. Сол жылдары бет тазалауға арналған Kleenex сулығы да пайда болды. Мұнымен қоса компания ең алғаш рет бума түріндегі дәретхана қағазын (1890) шығарды. Сондай-ақ қағаз сүлгілер (1907) және арнайы бір реттік киімдер де осы компанияға тиесілі. Huggies тарихы 1968 жылы бір реттік жөргек шығарудан басталған. Тәжірибе сәтті аяқталып, он жылдан кейін Kimberly-Clark маркасымен ата-аналарға кеңінен танымал әйгілі балалар жөргегін қайта шығарды.
1995 жылы Kimberly-Clark Scott Paper Companyмен келісім шартқа отырып компания тарихында ірі келіссөз жүргізді. 2000 жылдары бірнеше ұсақ компанияларды «жұтып» қойды. Оның ішінде медициналық маска шығарумен айналысатын Tecnol, медициналық қолғап шығаратын Safeskin, отадан және жарақаттанудан кейінгі ауырсынуды басатын қондырғы шығаратын Ballard компаниялары бар.
2010 жылдың ортасында компанияның барлық акциялары еркін биржаға қойылды. Ірі институционалды инвесторы – State Street Global Advisors (3,72%). Компанияның бас директоры – Томас Дж.Фолк. Компанияның негізгі сауда маркалары – Huggies, Kotex, Kleenex, Scott, Kimcare, Wypall, Kimtech, KleenGuard. Бұл өнімдер қазір 150-ден аса елдің сауда нарығына шығарылған.
Ж.САҒИДА