» » Қазақстандық ғалымдар бидайдың жаңа сортын шығарды

Қазақстандық ғалымдар бидайдың жаңа сортын шығарды


А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы – еліміздегі егін және өсімдік шаруашылығы саласындағы ірі ғылыми орталық. Дәл осы институттағы Қатты бидай зертханасының қызметкеркерлері бидайдың жаңа сортын тәжірибеден өткізіп, нәтижесінде бұл тұқымнан гектарына 46,5 центнер өнім алды. 

Зертхана қызметкерлерінің мәлімдеуінше, бидайдың жаңа тұқымы «Дамсинская 20-17» деп аталады. Оның ерекшелігі – төзімділігінде. Қазақстанның солтүстік аумағында өсіруге арналған бидай ауа райын, топырақ жағдайын талғамайды. Топыраққа тез бейімделгіш келетін бидайды арнайы тыңайтқыштармен ылғалдандыру арқылы мол өнім алуға болады. «Дамсинская 20-17» экологиялық жаздық далалық түрге жатады. Ол шикі протеин мен ақуыздылығының тұрақты құрамымен ерекшеленеді. Бидайдан жасалған өнім стандартты көрсеткіштен асып түскен. Бұл сортты зерттеу үшін ғалымдар 2015 жылдан бері түрлі тәжірибе жасаған. Тексеру жұмыстары Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданы, Научный ауылында жүргізілді. Нәтижесінде, былтыр жаздық бидайдың өнімділігі 2,5 есеге дейін артты.
10 қаңтар 2019 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930